2014 жылдың 11 наурызында жыл сайынғы бұқаралық тыңдаулар өтіп, оның тақырыбы – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-ның 2013 жылы инвестициялық міндеттемелерін орындауы болды.
Шараға ТМРА-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Марат Мұстафин, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасының қаржы және экономика жөніндегі бірінші орынбасары Алла Язовская, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО директоры Виктор Бармин, Петропавл қаласы жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Еске сала кетейік, 2013 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ төмендегі тарифтерді реттелетін қызмет түрлеріне ауыстырған болатын: 2013 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін 1377,34 теңге/Гкал көлемінде, 1 шілдеден бастап 1623,51 теңге/Гкал көлемінде (аталған тарифтер ҚҚС есептемегенде).
Есептік жыл қорытындысы бойынша, Петропавл 2-ЖЭО-нда 2,6 млрд. кВтс электр энергиясы және 1,8 млн. Гкал жылу энергиясы өндірілді. Салыстыру үшін: 2012 жылы 2,4 млрд. кВтс электр энергиясы және 1,9 млн. Гкал жылу энергиясы өндірілген болатын. 2013 жылғы жылу энергиясы өндірісінің 2012 жылмен салыстырғанда төмен болуы 2013 жылы сыртқы ауа температурасының жоғары болуымен байланысты. Айырмашылық – 4,3оС.
«Станция тұрақты жұмыс жасап, өз көрсеткішін жыл санап жоғарылатуы үшін кәсіпорында бюджеті 610,950 млн. теңге болатын инвестициялық бағдарлама әзірленіп, бекітілген. Нақты дерек бойынша, бұл бағдарламаның жүзеге асуына 612,807 млн. теңге қаржы жұмсалды. Жөндеу жұмыстары кампаниясының шығындары 1 113,2 млн. теңгені құрады. Тарифтік сметада жылу энергиясы бойынша қарастырылған қаржыдан бөлек, негізгі құрылғыларды қайта құрып, жаңғыртуға 5645,106 млн. теңге қаржы жұмсалды. Атқарылған негізгі шаралар – энергия үнемдеу мен сенімділікті арттыру бағытындағы құны 2316,8 млн. теңге болатын қазандық құрылғыларын жаңғырту және құны 2095,9 млн. теңгелік турбина құрылғыларын жаңғырту жұмыстары», – деп атап өтті өзінің баяндамасында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО директоры Виктор Бармин.
Станцияда негізгі құрылғыларды қайта құру және жаңғырту шараларын атқару арқасында қазандықтардың ескіруі 2010 жылмен салыстырғанда, 21,84%-ға азайып, бүгінде 70,28%-ды құраса, турбиналардың тозуы 17,95%-ға кеміп, 2013 жыл қорытындысы бойынша 69,12%-ды құрады.
«Петропавл қаласы тұрғындары үшін станцияның бірте-бірте жаңартылуы маңызды. Шекті тариф бойынша инвестициялық бағдарлама аяқталған кезде станция құрылғыларының ескіруінің төмендеу деңгейі орта есеппен алғанда 50-55 %-ды құрайды деп болжанып отыр. Солтүстік Қазақстан облысындағы жалғыз орталықтандырылған электр және жылу жүйесі жыл санап жасарып келеді, аймақты болашақта жылу мен электрмен қаматамасыз ету жайына алаңдамауға болады», – деп қорытындылады жиынды ТМРА-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Марат Мұстафин.
«ОАЭК» АҚ еншілес компаниясы
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі