«Севказэнергосбыт»ЖШС мәліметтері бойыншажылу энергиясын есепке алу аспаптары бар Петропавл қаласының тұрғындары үшін 2023-2024жж. жылыту маусымына орташа тариф 1 м² үшін102,12 теңге, 2024ж. қазан-желтоқсан жылыту маусымына орташа тариф 1 м²үшін 98,77 теңге құрады.Осылайша, орнатылған есептегіштері бар тұтынушылар орташа есеппен алғанда, бекітілген тарифтерден 2 есе аз төлейді, өйткені жылу энергиясын тұтынуды өз бетінше бақылайды.Еске салайық, жыл басында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бекіткен, жылу энергиясына жаңа тарифтер күшіне енді. Негізгі өзгерістердің бірі- жалпы үйдегіесепке алу аспаптарының болуына қарай тарифтерді саралау болды. Есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін 6 038,37 теңге мөлшерінде тариф бекітілді.
Жалпы үйдегі есепке алу аспаптарын әлі орнатпағандар үшін тұрғын үйдің ауданына байланысты, сараланған тарифтер қарастырылған:
- Бірінші кіші топ (100 м² дейін): 236,76 тг/м².
- Екінші кіші топ (100–200 м²): 260,43 тг/м².
- Үшінші кіші топ (200 м² аса): 300,66 тг/м².
Қазіргі таңдаоблыс орталығындағы көпқабатты үйлердің88,3%жылу энергиясын есепке алуаспаптарымен жабдықталған.
Жылу энергиясына тарифті қалыптастырубірнеше факторларға негізделген, оның ішінде:
- Шикізат құны:Петропавл 2-ЖЭО үшін негізгі отын- «Богатырь» және «Северный»Екібастұз разрезінің көмірі болып табылады. Көптеген басқа салалардағы сияқты, жылу өндіру үшін пайдаланылатын энергияресурстары мен материалдардың құны, сөзсіз өседі;
- Логистика:көмір және өзге материалдарды тасымалдау;
- Инфрақұрылымға инвестиция: үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жабдықтар мен желілерді жөндеуге және жаңғыртуғатұрақты инвестиция қажет;
- Жалақы және салықтар:қызметкерлердің еңбекақысы және мемлекеттік аударымдар.