«Саланг» әскери-патриоттық клубының экспедициялық тобы 20 жыл бойы қатарынан Ресей Федерациясының Новгород облысына халықаралық Еске алу вахтасына барады. Міне, 19 сәуір күні клуб мүшелері Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды құрмет тұтып еске алу үшін кезекті сапарға аттанды.
«Саланг» клубы 27 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Оны алғаш құрып, әлі күнге дейін басқарып келе жатқан Александр Азегов, «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-ның әуе линисы қызметі электр-газдәнекерлеушісі, Ауғанстан соғысы ардагері. Ол мұнда жастарды әскерге аэромобильді қызметке дайындайды. Бұрынғы десантшыда бұл іске қажеттінің бәрі бар: спорт және атлетика залы, құрал-жабдықтар және бастысы – тәжірибе мен ниет бар. Александр өзінің әскери өмірде үйренген тәжірибесінің бәрін кейінгі ұрпаққа қалдыруды қалайды. Спорт залын алуға оған «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қолдау көрсетті, ал оны жабдықтауға клуб тәрбиеленушілерінің ата-аналары көмектесті. Ата-аналар «Саланг» клубында өз балаларының жақсы тәрбие алып шығатынына сенімді.
«Мұнда 2 мыңнан астам жасөспірім тәрбиеленіп шықты. Олардың көбісі әскерде борышын өтеп, кейін өмірдерін әскери саламен байланыстырды. Кейі әскерден оралған соң, осында маған көмектесіп, клуб инструкторлары болып қызмет етуде. Біз жорықтарға барамыз, жекпе-жек өнерінің әдіс-тәсілдерін меңгереміз, Паращютпен әуеден секіреміз, ал қыста БМП жүргізіп, өзге де қызықты әрі пайдалы жарыстар ұйымдастырамыз. Ал Еске алу вахтасына қатысу – бұл өз алдына бөлек әңгіме», – дейді Александр Азегов.
Әсірес, өткен жылғы сапар ерекше сәтті болған. 17 сарбаз қазылып алынса, 2 медальон табылған. Барлығы 27 іздеушілер тобымен 587 жет адам қазылып, олардың 30-ынан медальон табылған. Ал оқылғаны – 30 сарбаздың құжаты. Іздеушілердің басты мақсаты – сарбазды қазып қана қоймай, оның медальонын (сарбаздың мәліметтері жазылған құты) да табу керек. Кейінгі шаруа – уақыт тозын шығарып, топыраққа айналдырып жіберген құжаттан қажетті мәліметті оқи білу. Бұл үшін үлкен тәжірибе қажет.
Мұндай сапардың тиімділігі – іздеушілер «Саланг» клубының музейіне қажетті экспонаттар да жинап қайтады. 22 жылда Александр Азегов Новгород облысының ормандарынан қасықтан бастап, авиациялық бомба, адам бойымен бірдей гранатомет, тіпті Дегтярев пулеметіне шейін көптеген мұралар тауып қайтқан. «Саланг» музейіне келушілер немістердің кеңес әскерінен қару-жарақ жағынан қаншалықты артық болғанын өз көздерімен көріп, таныса алады. Сондай-ақ, Александрда Ауған соғысынан қалған естеліктер жеткілікті.
Бұл жолы «Саланг» іздеу тобы 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында елге оралады. Жігіттер жаңа табыстары мен жаңа әсерлерімен қуантады деген сенімдеміз.
«ОАЭК» АҚ еншілес кәсіпорны
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі