2015 жылғы 24 тамызда «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС жылу желілердің төзімділігі мен қалыңдығына гидравликалық сынаулардың кезекті кезеңіне кіріседі. Осыған байланысты кәсіпорынның мамандары Петропавл қаласының тұрғындарын қырағылық етуге және абай болуға шақырады.
Еске саламыз, жылу желілердің сынаулары құбырлардың анықталған күрделі учаскелерінің толық жөндеуін жүргізу үшін өткізіледі. Бұл жолы сынаулар ТМ №3 2Ду600-500мм жылу магистралінде: жердің үстіндегі – Петропавл 2-ЖЭО бастап Московский өтпесіне дейін, сондай-ақ Сәтпаев к. бойында Ю.Медведев к. дейін; жер астындағы – Ермак көшесі бойында (Московская көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін) Батыр Баян-Сәтпаев көшелері мен Ю. Медведев-Кошуков көшелерінің шегінде өткізілетін болады. Сынауларды өткізу барысында Рабочий пос., Береке ш/а мен вокзал маңайында тұратын жылу энергияның тұтынушылары ыстық сумен жабдықтауынан ажыратылады.
Жылу тұтынудың ішкі жүйесінің зақымдануынан құтылу үшін, әлеуметтік нысаналардың, ПИК, КТҚ басшылары сынауларды өткізу кезеңінде элеваторлық тораптардың ажыратуын қамтамасыз етуі қажет.
Айқындалған зақымданулар (желі трассасында және т.б. будың шығуы, судың ағуы) туралы тез арада «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-не хабарлауға өтінеміз. Байланыс телефондары: 52-26-86, 52-26-79, 152
«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС әкелген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды!
«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС әкімшілігі