«Петропавл Жылу Желілері» ЖШС кәсіпорны келесі жылу беру маусымына дайындық аясында 2015 жылғы 26 мамырда қаланың жылу жолдарына сынақ жұмыстарын өткізуді жоспарлап отыр.

«Петропавл Жылу Желілері» ЖШС үшін 2015-2016 жж. жылу беру маусымына дайындық және жөндеу жұмыстары маусымы басталды. Жөндеуге кіріскенде және тозған құбырды ауыстыру алдында, ұйымның мамандары облыс орталығындағы жылумен жабдықтау желісінің ең әлсіз учаскелерін анықтайды. Осы мақсатпен жүйенің ең жоғарғы 1070С температурасында сынақ жұмыстары өткізіледі.

Осыған орай, жылу қуатының тұтынушыларына 2015 жылы 26 мамыр күні сағ. 9:00-ден бастап сағ. 22.00-ге дейін тұрғынүйлерде, жатақханаларда, әлеуметтік-мәдени нысандарда және мемлекеттік мекемелерде автоматика құрылғыларымен жабдықталмаған ыстық сумен жабдықтау жүйелері өшірілетінін хабарлаймыз.

«Жылу желілерінде неғұрлым әлсіз орындар табылатын болса, қыс мезгілінде, технологиялық бұзылыстармен күресу қиын кезеңінде аз мәселе туындайтын болады. Жылу беру маусымына дайындық – жалпы қаланы жылумен жабдықтау желілері үшін, сонымен қатар тұтынушылар өздері үшін де қажетті шара. Жалпы «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС 2015 жылы №1 жылу торабын құрастыру бойынша ауқымды жұмыс жоспарлады. Жобаны жүзеге асыру үшін «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ТҚШ-ны жаңғырту бағыты бойынша 800 млн. теңгеден астам қаражат бағытталады. Барлығы 2015 жылы жылу жүйелері кәсіпорыны Петропавл қ. жылумен жабдықтау желілерін қайта құру және жаңғыртуға мемлекетпен бөлінген қаражат шеңберінде 1,6 млрд. теңге шамасында жұмсауды көздеп отыр. Жылу жүйелері кәсіпорынның жабдықтарын жаңарту үшін бөлінген күрделі салымдар 273,946 млн. теңге құрайтын болады (капиталды қаражаттың жоспары), ЕҚДБ (Еуропа қайта құру және даму банкі) несиелеу аясында 213,8 млн. теңге жолданады, 10,756 км жылу трассалардың күрделі жөндеуге 360,480 млн. теңге (кәсіпорынның жөндеу қоры) жолданатын болады. Сөйтіп, 2015 жылы жылумен жабдықтау желілерін дамуына барлығы 2,5 млрд. теңге көлемінде қаражат жұмсалады», - дейді «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС Бас директоры Игорь Рыбас.

«Петропавл Жылу Желілері» ЖШС келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды! Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 52-26-86, 52-26-79,  152.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі