"Севказэнергосбыт" ЖШС Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарынан болған ауыр жағдайды назарға алып, барлық зардап шеккендерге көңіл білдіреді, және үйлері судың астында қалған  тұтынушыларға, көшірудің ресми кезінен бастап электр және жылу энергиясы үшін есептеу жасалмайтыны туралы хабардар етеді, және де тұрғын үй мәселесі шешілгенше дейін бұл тұтынушыларға қатысты айыппұл санкциялары  қолданылмайды және төлемақы өсімі есептелмейді.

 

Қажеттілік болса, тұтынушыларға өтіп кеткен кезеңі үшін төлем қарызын бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі. Бөліп төлем жасауға келісімді рәсімдеу үшін тұтынушы жеке куәлігімен Петропавл қ., М.Жұмабаев к., 66 үй мекенжайындағы «Севказэнергосбыт» ЖШС-нің тұтынушыларға кеңес беру және мәселелерді жеке шешу үшін арнайы бөлінген жұмыс орнына үндеу керек.

 

Тұтынушы су астында қалған облыс аудандарында тұрып жатса, ол энергияны өткізу бойынша аудандық учаскелеріне үндей алады, ол жерде тұтынушыларға толық көлемінде ақпарат беріледі.

 

Есептеулер автоматты түрде жасалатынына назар аударыңыз және кейбір есепке алу аспаптары бойынша көрсеткіштерді тіркеу мүмкіндігі болған жоқ, сондықтан кейбір есептеулерде қателер болуға мүмкін.

Бұл жағдайға түсінікпен қарауға өтінеміз.

 

Тұтынушы компанияның сервис орталығы, телефоны немесе «Жеке кабинет» сервисі арқылы сияқты өзіне қолайлы түрімен үндеген жағдайда есептеулер тексеріледі және қателер анықталса, олар жойылады.

 

"Севказэнергосбыт" ЖШС бірыңғай төлем жасу құжатында коммуналдық қызметтерді көрсететін басқа да ұйымдардың есептеулері көрсетілетініне назарыңызды аударамыз, бұл ұйымдардың есептеулері бойынша тұтынушы дәл сол ұйымдарына тікелей үндеуге тиіс.

 

Барлық азаматтарға пайда болған төтенше жағдай тезірек шешіліп, тыныштық орнытылуын тілейміз.