2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу энергиясымен қамтамасыз ету кызмет түрінің жаңа тарифтері күшке енген. Үйлерде жалпыүйлік жылу энергиясын есепке алу аспабы орнатқан жекетұлғалар үшін бір гигакалория құны ҚҚС есептегенде 3436,68 теңге құрайды, есепкішті орнатуға жарамсыз ескі үйлерде тұратын тұрғындар үшін тариф 3568,14 теңгеге тең, ал осы күнге дейін өлшегіш аспабын орнатпағандар тұтынушылар үшін үйдің бір шаршы метрі үшін  – 4281,76 теңге, немесе 128,45 теңге (ҚҚС-пен). Қызмет түрінің құны былтырғыға қарағанда4,8%көбейді.

Облыс орталығының есеп аспабын орнатқандар заң тұлғалары 2018 жылы бір гигакалория үшін 6261,72 теңге (ҚҚС-пен), есеп аспабын орнатпағандар – бір гигакалория үшін 9589,31 теңге (ҚҚС-пен) төлейтін болады.

Есеп аспабының болуынемесе болмауына қарағанда дифференциациясу жылыту үшін төлеміне де тиісті. Сөйтіп, есеп аспабы бар үйде суөлшегіш болғанда тұтынушылар  ыстық су үшін бір текше метрүшін(ҚҚС-пен) 171,83 теңге;  есеп аспабы бар, бірақ, суөлшегіші жоқүйде–бір адамнан(ҚҚС-пен)549,87 теңге; есеп аспабы жоқ суөлшегіш бар үйде –текше  метр (ҚҚС-пен)214,09 теңге; есеп аспабы және су өлшегіші жоқ үйде –бір адамнан(ҚҚС-пен)685,08 теңге төлейтін болады.

  «СЕВКАЗЭНЕРГО»АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі