Құрметті ханымдар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктем мерекесі қуаныш әкеліп, жүздеріңізге нұр шашсын. Сіздердің жүректеріңіз жылылық пен нәзіктікке толсын, ал сәттілік, әсемдік, пәктік өмірлеріңіздің серігі болсын! Жастық көктемдеріңіз ешқашан таусылмай, әдеміліктің әлемі болыңыздар. Әр күндеріңіз бақытқа, жарқын сәттерге, құшақтарыңыз гүлге толсын!
Мерекелеріңізбен!
Игі тілекпен, Еділ Көпенов,
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ басқарма төрағасы