Ол жылу беру маусымының өту барысы және стансаның ағымдағы жұмысымен танысты. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Бас директоры Анатолий Казановский қызметтің негізгі бағыттарын ұсынды, олар: стансаны жаңғырту және тиімділігін көтеруге бағытталған №1 түтін мұржасының құрылысы, 2024 жылғы жөндеу кампаниясының орындалуы және 2025 жылына жұмыстар жоспары.

2024 жылы 2ЖЭО-нда сенімділік пен экологиялық қауіпсіздікті көтеру үшін ауқымды жұмыстар жасалды:

  • 2 қазанагрегаты мен 3 турбоагрегатының күрделі жөндеуі;
  • 9 қазанагрегаты мен 4 турбоагрегатының ағымдағы жөндеуі;
  • №2 түтін мұржасын тексеру;
  • Қосымша жабдықтар мен өндірістік ғимараттарды жөндеу;
  • №2 күл үйіндісінің қоршау дамбасын биігірек көтеру;
  • 3 пик бойлерді ауыстыру;
  • №3 түтін мұржасында ауаға лақтыруына мониторинг жүйесін орнату;
  • Теміржолдарының күрделі жөндеуі;
  • №6 қазанагрегатының диірмен желдеткіштерін ауыстыру.

2025 жылғы жөндеу кампаниясының басым міндеттерінің арасында:

  • Негізгі және қосымша жабдықтардың регламенттік және ағымдағы жөндеуі;
  • 3 қазанагрегат, 2 турбоагрегатының күрделі жөндеуі, ғимараттар мен имараттардың жөндеуі;
  • №2 ст. қазанагрегатының (аяқтау мерзімі – 2027 жылы) және №1 ст. турбоагрегатының реконструкциясы (реконструкцияның басы -2023 жылы, аяғы- 2025 жылы);
  • 220 кВЖТҚ жаңғырту (аяқтау мерзімі – 2027 жылы);
  • Ағынды суларға мониторинг жасау жүйесін орнату.

Және де №1 түтін мұржасын пайдалануға енгізу жұмысы жоспарланды. Осы шаралардың барлығы аумақты энергиямен сенімді жабдықтау және станса жұмысының тиімділігін көтеруге бағытталған.