Қазақстан Республикасының Президенті "Солтүстік Қазақстан ТЭК" АҚ электромонтері -Еркебұлан Тасжановқа III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденін табыс етті. Еркебұлан Тасжанов энергетикаға 20 жылын арнады. Әріптестер Еркебұланды технологиялық бұзушылықтарды жоюға, төтенше жағдайларда мереке және демалыс күндері учаскеге барып, облыстың басқа аудандарындағы әріптестеріне көмек көрсетуге алғашқылардың бірі болып табылатын адал жұмыскер ретінде айтады. Су тасқыны кезінде Еркебұлан Тасжанов "алдыңғы шепте" болды. Табиғи апаттың зардаптарын жоюға, Қызылжар ауданындағы Леденев – Боголюбов, Шал ақын ауданындағы Марьевка – Жаңаталап учаскелерінде электр желісін тартуға белсене ат салысты. " Шеттегі қарапайым энергетик ретіндегі еңбегім, соншалықты жоғары бағаланады деп, ойламадым. Еліміздің Президентінің қолынан мемлекеттік марапат алғаныма қуаныштымын" -деп, әріптесіміз өз әсерімен бөлісті. Еркебұлан Тасжановты лайықты марапатымен құттықтаймыз!