«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС және «Севказэнергосбыт» ЖШС бойынша баспасөз-туры
18 қыркүйекте «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС және «Севказэнергосбыт» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп инвестициялық бағдарлама жобасын және тарифтік сметаны орындау бойынша баспасөз-турын өткізді. Қатысушылар арасында БАҚ, қоғам өкілдері, депутаттар болды.
Инвестициялық бағдарлама желілер мен жабдықтарды жаңартуға, негізгі қорлардың тозуын азайтуға және тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Сәтпаев к. бойындағы диаметрі 500мм №3 жылу магистралінің ұзындығы 1,5 км-ден асатын учаскесін үш жылдық қайта жаңарту жобасы аяқталды. «Строительное Управление Энергострой» ЖШС мердігерлік ұйым 2024ж. Воровской к.-нен Сәтпаев к. дейін Фрунзе к.бойы құбыр учаскесін қайта жаңартты. Жұмыс 26 шілдеде аяқталды.
«Инвестицияның орнына тариф» бағдарлама аясында «№1 сорғы стансасын күрделі жөндеу» жобасы жүзеге асырылуда, ол ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Дәл қазір мердігерлік ұйым орындады:
- электр цехының үй-жайын және сорғы жабдығын бөлшектеу;
- электр цехы үй-жайының астына іргетасты орнату;
- металл конструкцияларын орнату;
- жаңа сорғы жабдығын орната отырып, желілік сорғыларға 4 іргетас құю. электр цехы үй-жайының еденін құю.
«Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, шатырды жөндеу, терезелерді ауыстыру, кабельдік- каналдарды орнату, жоғары вольтты қондырғыларды орнату, машина залында ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйектие сыртқы әрлеу жұмыстары, шатырды жөндеу, электр цехтың үй-жайын сэндвич панельдермен қаптау, өрт дабылын орнату, электрлік жарықтандыру, сумен жабдықтау, желдеткіш және жылыту аяқталады деп, жоспарланды», - «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС бас директорының м.а. Виталий Холоша айтты.
2024 жылдың тамыз айында Ружейников к. бойы диаметрі 500мм №6 жылу магистралінің учаскесін қайта жаңарту бойынша жұмыс басталды.Осы учаскедегі құбыр 40 жылдан астам жұмыс істеп, қызмет ету мерзімінің соңына жетті. Жұмысты «Строительное Управление Энергострой» ЖШС мердігерлік ұйым атқарады. Құбырдың жалпы ұзындығы 1,7 км құрайды. Жобаны іске асыру кезеңі- 2024-2026 жылдар Ағымдағы жылда шамамен 400 метр құбырды ауыстыру жоспарланған.
«Жобаны іске асыру тұтынушыларды жылумен және ыстық сумен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етуге, жылу желісінің осы учаскесінде жылу ысыраптары мен апаттық жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді. Барлық жұмыстар жылыту маусымы басталғанға дейін аяқаталды»-деп, Виталий Холоша атап өтті.
Жалпы алғанда жылу энергетиктер Петропавл қ. бойынша 4 853 желілік метр құбырларды ауыстырды. Қаланың жылу магистраліндегі әлсіздіктерді жыл сайынғы гидравликалық сынақтар, сондай-ақ өткен қыстағы тәжірибе көрсетті. Бекіткіш арматураның 188 данасы ауыстырылды, 15 жылу камерасына және 2,84 км жылу оқшаулағышқа жөндеу жүргізілді.
Магистральдық сорғы стансаларында сорғы және электр қуатты жабдыққа ағымдағы жөндеу, электр қозғалтқыштар мен сорғыларға сынақ, абоненттік сорғы стансаларында сорғы жабдығына жөндеу жүргізілді. Асфальт қабатын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жіргізілуде.
2024 жылдың қыркүйек және қазан айларына күрделі жөндеудің жоспарланған көлемі жылу желілерінің 1,981 км құрайды (магистральдық– 0,689 км, тарату – 1,292 км).Кәсіпорын келесі жұмыс түрлерін орындауды жоспарлайды:
- Жылу желілерін ауыстыру 1,981 км құбыр;
- Жылу оқшаулағышты жөндеу – 0,3 км;
- Асфальт қабатын қалпына келтіру бойынша жұмыстар – 4 952 м2;
- Сорғы жабдығын, электр жабдығын жөндеу, ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеу – 25 дана.
Баспасөз-туры барысында «Севказэнергосбыт» бас директоры- Мағауия Сағандықов қатысушыларды жүзеге асырылып жатқан, инвестициялық бағдарлама көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға, қызметкерлерді заманауи компьютерлік техникамен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, жиһаздармен қамтамасыз етуге бағытталғанын, баяндады.
Кәсіпорын электр энергиясымен 165 мыңнан астам және жылу энергиясымен 78 мыңнан астам тұтынушыларға қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін көрсетілетін қызметтердің жаңа нысандарын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалға, 2022 жылдан бастап қолданыстағы мобильді қосымша қажетті ақпаратты өз бетінше алуға және онлайн төлемдерді жүзеге асыруға, «Севказэнергосбыт» ЖШС персоналының жұмысын бағалауға мүмкіндік береді.
«Кәсіпорынның даму жоспарларына коммуналдық және басқа да қызметтердің басқа жеткізушілерін тарту және Бірыңғай төлем құжатына енгізу арқылы дебиторлық берешекті азайту, қызметтерді сату көлемін ұлғайту және бірыңғай есеп-айырысу орталығын кеңейту қарастырылған», -деп ойымен Мағауия Сағандықов бөлісті.
Баспасөз- тур бағдарламсының келесі нысаны Петропавл 2-ЖЭО болмақ. 25 қыркүйекте компания және қоғам өкілдерінің кездесуі өтеді.