Бүгін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өкілдері «PROFENERGY» бағдарламасын одан әрі іске асыруды талқылау үшін Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжіне барды.
Өңірдің білім мекемелерімен бірлесіп «PROFENERGY» бағдарламасы 2016 жылдан бастап «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобында жұмыс істейді. Оны іске асыру аясында СҚО колледждерінің және ЖОО жылу-энергетик бейінінің студенттері үшін одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен атаулы стипендия алуға арналған іс-шаралар жыл сайын өткізілуде.
Бұдан басқа, бағдарлама бейіндік мамандық студенттері үшін төлеммен тәжірибеден өту, жазғы каникулдарда жұмысқа орналастыру қарастырған. 8 жыл ішінде жұмыс істегенде «PROFENERGY» бағдарламасына СҚО 740 студенті қатысты.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәспорындар тобы студенттерді бейіндік мамандықтар бойынша мақсатты оқыту үшін әлеуметтік серіктестермен (қаланың оқу орындарымен) шарттар жасасты, сондай-ақ корпоративтік басқару туралы келісімдерге қол қойды (қамқорлық).
Сонымен, «Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжінде қамқорлық аясында өндірістік полигон ұйымдастырды, бейіндік мамандық студенттерін сапалы дайындау үшін зертхананы жабдықтады.