«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мамандары Петропал қ. мектептерінің кәсіптік бағдар беруші-педагогтарының семинарына қатысты.
Іс- шара барысында білім, қала кәсіпорындарының өкілдері кадрларды дайындаудағы тәжірибесімен бөлісті.
«Кадрлық саясатымыздың бір бағыты- энергетик мамандарын даярлайтын, өңірдегі оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынасты дамыту болып табылады. Мұндай мамандықтардың студенттері әрқашан біздің кәсіпорындарда ақылы өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ «PROFENERGY» жоба аясында жыл сайын энергетикалық бағдары бар студенттерге оқу кезінде алған білімдерін, іс жүзінде қолдану үшін жазғы кезеңде бізге уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, компания студенттік жұмыс конкурсын өткізеді, оның жеңімпазы жеке шәкіртақы алады және диплом алғаннан кейін бізге жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады», сондай-ақ «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жас мамандарды әрқашан қуана қабылдайды деп, баса айтып, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ персоналмен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Нелли Ким баяндамасында атап өтті.
Компания колледждердің материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға қатысады, компания қызметкерлері қорытынды емтихандарын қабылдау және дипломдық жобаларды қорғау бойынша емтихан комиссиялары мен мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына кіреді. 8 жылда «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-дан «PROFENERGY» жобасына 894 студент қатысты.
Ақылы оқу демалысы, оқу ақысын төлеуге пайызсыз несие, Петропавл қаласынан тыс оқып жатқандар үшін оқу орнына дейін және кері жол жүру ақысын төлеу-еңбек жолын компаниямен байланыстыруға шешім қабылдағандарды және де жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыратындар үшін ынталандыру бағдарламасының пунктері.
«Жас маман өндіріске келгеннен кейін, компанияға сәтті бейімделуге көмектесетін, тәжірибелі тәлімгердің қамқорлығында болады деп, түсіндіреді Нелли Ким. Осында жұмыс істеп жүріп, қызметкер қызметтік тұрғын үйді қоса, бірқатар жеңілдіктерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, еңбек қатынастары саласында барлық әлеуметтік пакетті ала отырып, біліктілігін арттыруды жалғастыра алады».
Компания салауатты өмір салтын сақтау, қызметкерлер мен олардың балаларының бос уақытын ұйымдастыру мәселелеріне назар аударады: жыл сайын әртүрлі спорт түрлері бойынша спартакиадалар өткізіледі, қызметкерлер қалалық спорттық іс-шараларға қатысады; демалыс орындарына ұжымдық сапарлар ұйымдастырылады; қызметкерлердің қатысуымен мерекелік шаралар, концерттер өткізіледі.
Компанияда энергетик мамандарынан басқа да мамандық өкілдері (бухгалтерлер, экономистер, химиктер, конструкторлар және басқ.) сұранысқа ие. Бос орындар туралы қосымша ақпаратты Компанияның сайтында, Enbek.kz сайтында, сондай-ақ 31-44-60 тел. бойынша (персоналмен жұмыс жөніндегі басқарма) алуға болады.