Жылу желілерінің тозығы жеткендіктен жылыту маусымы толықтай шытырмансыз өтеді деу қиын. Дегенмен соңғы жылдары «Петропавл жылу желілері» ЖШС бұл тапсырманы кәсіби түрде шешіп жүр — жылу тораптарындағы апаттардың салдары тез арада шешіліп отырды, бұдан қала зардап шегіп те үлгермеді.
Соңғы кездері «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өзінің құрылымдық бөлімшелеріндегі электр- және жылуэнергетикалық шаруашылығын жаңарту және жөндеу жұмыстарына толықтай кіріскен. Алты қазанагрегаттың және төрт қазан- және турбоагрегаттардың толыққанды жөндеуі аяқталды. Жылыту маусымы басталғанға дейін жоспарланған басқа да қазан- және турбоагрегаттардың жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұдан өзге, турбоагрегаттардың бірін ЭКЕАЖ орнату арқылы жаңғырту жүргізіліп жатыр. Бұл оны толықтай автоматтандырып, барлық пайдалану режимінде басқару және бақылау толықмасштабты функияларымен қамтамасыз етеді. Қыркүйектің соңына қарай 2-ПЖЭО-да -да №1-ші бу мұржасының толыққанды жөндеуі аяқталады.
Жылыту маусымы қалыпты өтуі үшін 2-ПЖЭО-да 160 мың тонна отын жинау жоспарланған. Көмір жеткізушілер мен вагон иелерімен қызмет ету кестесі мақұлданған.
«Петропавл жылу желілері» ЖШС-да жаңғырту жұмыстары 2017 жылы таңғаларлық көлемде жүргізіліп жатыр.
— Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінен инвестициялық қарыз, сонымен қатар, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражат биыл кәсіпорында екі жылу магистралінің және тарату желілерінің бір бөлігін қайта құруға мүмкіндік береді, — дейді ЖШС басшысы Игорь Рыбас. — Жұмыстың жалпы көлемі 7,05 километр құбыр желісін құрады, бұл мақсатта 3 миллиард 884 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.
Осылайша Алтынсарин көшесінде 3 км-ға жуық жылутрассасы айырбасталады, диаметрі қазіргі 700-ден 1000 мм-ге ұлғайтылады.
Барлық жағдайларда алдын ала оқшауланған құбыр желілері пайдаланылады. Олар дәстүрлі құбыр желілерінен жылу өткізбеудің жоғары көрсеткішімен, сенімділікпен ерекшеленеді — жарты ғасырға дейін жақсы сақталады деген болжам бар.