«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобында компания үшін «Энергетика» кәсіби бағыты бойынша оқып жатқан, үшінші курс студентттеріне арналған жыл сайынғы олимпиада өтті. Зияткерлік сайыстарда 12 оқушы қатысты: «Солтүстік Қазақстан Университетінің» 2 студенті, мамандығы «Электр энергетикасы», тағы «Б.Әшімов ат. Петропавл машина жасау және көлік колледжі» 10 –өкіл. Олардың ішінен төртеуі «Электрмен жабдықтау», алтауы- «Жылутехникалық жабдық және жылумен жабдықтау жүйелері» мамандығы бойынша оқуда. Олимпиада екі кезеңде өтті. Қатысушылар алдымен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мамандары әзірлеген, тестілік тапсырмаларды шешті, сосын кәсіпорындар тобының басшыларымен әңгімелесті. Студенттерге физиканың заңдары, теория бойынша сұрақтар қойылды. Олардан оқу процессі, оқу тәжірибесі, оқуды аяқтағаннан кейінгі жоспарлары туралы сұрады, бірінші кезеңнің тестілік тапсырмаларын шешу бойынша сұрақтарды нақтылады. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтар, дипломдар мен грамоталар алды. Жеңімпаздарды олимпиаданың екі кезеңінің қорытындысы бойынша анықтады. Олар «М.Қозыбаев ат. СҚУ» студенті- Алексей Белоног (мамандығы «Электр энергетикасы») және «Бәйкен Әшімов ат. ПМжКК» студенті- Михаил Ванновский (мамандығы «Жылутехникалық жабдық және жылумен жабдықтау жүйелері»). Болашақ энергетиктерге келесі академиялық жылға Компанияның ай сайынғы жекеленген корпоративтік стипендиясы берілді. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да осындай іс-шаралар PROFENERGY бағдарламасы аясында өткізілуде. Бұл компания штатын жас кадрлармен толықтыруға және студенттер мен түлектердің энергетика саласына деген қызығушылығын қолдауға мүмкіндік береді.