Жылу энергиясы үшін төлемді есептеу бойынша түсініктеме

 

Жылумен жабдықтау саласында жылытылатын алаң көлемін ескере отырып, жылу энергияын тұтынуға әлеуметтік лимиттер сондай-ақ есепке алу аспабына (ЖЕА) және тұрғын үйдің алаңына байланысты, сараланған тарифтер енгізілген.

ҚР ҰЭМ 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 (2024ж.20.08.редакция) бұйрығымен бекітілген, тарифтерді қалыптастыру Ережесінің 272-1 тармағына сәйкес, халық санатына жататын, жеке тұлғалар, үш шағын топқа бөлінеді:

  1. Бірінші шағын топ – жылытылатын алаң 100 м²дейін
  2. Екінші шағын топ – алаң 100-ден 200 м²дейін.
  3. Үшінші шағын топ – алаң 200 м²аса.

 

Жылу энергиясы үшін төлемді есептеу мысалы

Үй-жай алаңы 242 м²құрайды, бірақ есептеу шарты әртүрлі: есепке алу аспабы бар (ЖЕА) және онсыз-екі жағдайды қараймыз.

 

1 мысал: алаңы 242 м², есепке алу аспабы бар (ЖЕА), тұтыну көлемі 7,26 Гкал

1 м² жылу энергиясының үлестік тұтынуды анықтау:

7,26 Гкал / 242 м² = 0,03 Гкал/м²

Шағын топтар бойынша тұтынуды бөлу:

  1. Бірінші шағын топқа арналған (100 м² дейін, тариф 6038,368 теңге/Гкал):

 0,03 × 100 = 3 Гкал × 6038,368 = 18 115,10 теңге

  1. Екінші шағын топқа арналған (100-ден 200 м² дейін, тариф 6642,2048 теңге/Гкал):

 0,03 × 100 = 3 Гкал × 6642,2048 = 19 926,61 теңге

  1. Үшінші шағын топқа арналған (200 м² аса, 42 м², тариф 10022,1856 теңге/Гкал):

 0,03 × 42 = 1,26 Гкал × 10022,1856 = 12 627,95 теңге

Жиынтық төлем сомасы: 50 669,66 теңге

 

2 мысал: Алаңы 242 м², есепке алу аспабы жоқ (ЖЕА)

Осы жағдайда белгіленген тарифтерді қолдана отырып, есептеу шаршы метрлер бойынша жүргізіледі:

  1. Бірінші100 м² – 236,7568 теңге/м²: 100 × 236,7568 = 23 675,68 теңге
  2. Екінші 100 м² – 260,4336 теңге/м²: 100 × 260,4336 = 26 043,36 теңге
  3. Қалған 42 м² – 300,664 теңге/м²: 42 × 300,664 = 12 627,89 теңге

Жиынтық төлем сомасы: 62 346,93 теңге

 

Нәтижелерді салыстыру

Шарттарға байланысты төлем сомаларын салыстыру:

Шарт

Жиынтық сомасы (теңге)

ЖЕА, алаңы 242 м², 7,26 Гкал

50 669,66

ЖЕА-сыз, алаңы 242 м²

62 346,93

 

Осылайша, төленетін сома ЖЕА барына және нақты тұтыну көлеміне байланысты. Есепке алу аспабы болмағанда есептеу 1 м² үшін бекітілген тариф бойынша жүргізіледі, бұл жағдайда ЖЕА арқылы нақты тұтыну бойынша есептеумен салыстырғанда төлем сомасының аса жоғары сомасына әкеледі.