Құрметті қазақстандықтар!
Сізді Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!
Егеменді еліміздің мемлекеттік мерекесі өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің, ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы. Еліміздегі бірліктің, тұрақтылықтың, татулықтың, жарқын болашағымыздың кепілі. Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын!
Конституция күнімен құттықтай отырып, сізге және сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілеймін! Береке – бірлігіміз мәңгілік болсын! Отанымыз Қазақстан өркендеп, гүлдене берсін!
Ізгі ниетпен,
Еділ Көпенов
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасы