Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауымызды қабыл алыңыз!
Бұл мереке барлық қазақстандықтарға аса қымбат. Жүзден астам ұлт өкілдері тұратын елде ұлтаралық келісім мен халықтың бірлігі экономиканы табысты дамыту мен нығайтудың, мәдениеттерді өзара байытудың және азаматтардың әл-ауқатының артуының кепілі болып табылады.
Сізге денсаулық, бақыт, еңбекте табыс және ашық аспан тілейміз!
Мерекеңізбен!
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры
Игорь Витальевич Татаров