Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Тәуелсіздікті алған күн мемлекет тарихында жаңа дәуірдің парағын ашты. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан бүкіл әлемге танымал болып, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамып, бүгінгі Қазақстан Республикасы – мүмкіндіктері шексіз, зор болашағы бар мемлекет.
Осы салтанатты күні Сіздерге зор денсаулық, береке, бірлік және тұрақтылық тілейміз!
Әрқашанда Сіздердің шаңырақтарыңызда бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын.
Мереке құтты болсын!