Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

7 мамыр ұлы Жеңіс күні мерекесінің қарсаңында тойлануы кездейсоқ емес. Ол өз еліне адал және абыройлы қызмет етуді парызы санайтындардың бәрін біріктіреді.

Патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерге қарсы оның мүдделерін қорғауға дайын болу, әрқайсымыз үшін ең жоғары құндылық болды және болып қала береді.

Сіздерге барлық бастамаларыңызда үлкен жеңістер, іскерлік табыс және батыл шешімдер тілеймін!

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ
бас директоры Игорь Витальевич Татаров