Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2014 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл Сіздерге қуаныш, бақыт, ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын. Барлық бастамаларыңыздың бағы жанып, сүйікті ісіңізбен айналысу нәсіп болсын! Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға татулық, молшылық тілеймін!

Құрметпен,
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасы
Еділ Көпенов