Андрей Савинков пен Валерий Берберих ТМД электр энергетикалық кеңесінен марапаттар алды. Андрей Савинковке «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» атағы берілді.ТМД электр энергетикалық Кеңесінің марапаты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің энергетикадағы интеграциялық үрдістерді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі. Андрей Савинков үшін бұл бірінші марапат емес, бұрын ол «ТМД электр энергетикалық кеңесінің Құрмет грамотасы», «Құрметті энергетик» және Қазақстан электр энергетикалық Бірлестігінің «Құрметті энергетигі» атақтары берілген. Біздің әріптесіміздің саладағы жұмыс өтілі 28 жыл. Оқуды аяқтаған соң туған селосы Пресновкаға оралды, онда әлі күнге дейін жұмыс істейді, Жамбыл аудандық электр желілерін басқарады. Валерий Берберих ТМД электр энергетикалық кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Ол еңбек жолын 2005 жылы жөндеу-өндірістік базасының учаске шебері лауазымынан бастады. Ал 2022 жылдан бастап М.Жұмабаев аудандық электр желілерінің бас инженері болып жұмыс істейді. «Солтүстік Қазақстан ТЭК» АҚ қызметкерлері алған, осындай деңгейдегі марапаттар, бұл олардың жоғары кәсібилігін айғақтап және Солтүстік Қазақстанның энергетиктерінің кез-келген күрделі өндірістік тапсырмаларды орындауға дайын екендігін тағы бір мәрте көрсетеді. Андрей Савинков пен Валерий Берберихті лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!