«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-нда жыл сайын энергия мен ресурстарды сақтауға арналған шаралар жүзеге асырылады. Бұл шаралар тұтынылатын отын шығынын төмендету мен станция қондырғыларының үнемділігін арттыруға бағытталған.
Қаіргі таңда «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-нда станцияның энерготиімділігін арттыруға арналған бес жылдық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Ол 2014 жылы жүргізілген энергоаудит нәтижесінде алынған ұсыныстарға сәйкес әзірленген. Бұл бағдарламаны жүзеге асырудан қол жеткізілген нәтиже – 2015 жылы үнем 50,7 мың тонна көмірді құрады.