«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ 2024 жылға тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы хабарлайды.
Петропавл қ. 2025ж.23.04.
«Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-да ("СҚЭТК" АҚ) тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның жоспарлы көрсеткіштерін сәтті орындап, 2024 жылдағы жұмыс қорытындысы шағарылды. Жұртшылық тыңдалымда компанияның бас инженері -Александр Елисеев атқарылған жұмыс туралы есеп берді.
2024 жылы "СҚЭТК" АҚ бекітілген тарифтерге сәйкес электр энергияны беру бойынша қызметтер көрсетті:
- 6,78 теңге/кВт·с (ҚҚС-сыз) —2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 15 шілде бойынша;
- 7,50 теңге/кВт·с (ҚҚС-сыз) —2024 жылғы 16 шілдеден бастап 31 желтоқсан бойынша.
Берілген электр энергияның көлемі 1,29 мрд кВт·с құрады, бұл пайдаланушылардың аз тұтынуына байланысты жоспарланған көрсеткіштен 0,6%-ға аз. Сонымен қатар электр энергияның нормативтік-техникалық ысыраптары 7,71% деңгейінде қалды, бұл бекітілген нормативтерге сәйкес.
2024 жылы инвестициялық бағдарлама шеңберінде компания электр желілік инфрақұрылымды жаңғыртуға және дамытуға 3,3 млрд теңге бөлді. 110, 35,10 кВ әуе желілері қайта жаңартылып, облыстың қосалқы стансаларында ОРУ 35-110кВ блоктар мен "Тимирязево-Благовещенка" ӘЖ 110кВ-де найзағайдан қорғайтын кабельдер ауыстырылды, "Смирново" 220/35/10кВ ҚС және Петропавл қ. ЗРУ 10кВ ҚС 110/10кВ № 11 қайта жаңарту үшін ТМҚ сатып алынды. Барлық жұмыстар кәсіпорынның өз қаражаты есебінен қаржыландырылды.
Бұдан басқа, 2024 жылы "СҚЭТК" АҚ кернеуі 35–110 кВ 496,5 км әуе желілеріне; кернеуі 0,4–10 кВ 132 км әуе желілеріне; 35–110 кВ қосалқы стансаға және 39 трансформаторлық қосалқы стансаға жөндеу жүргізілді.
Жөндеулерге жұмсалған жалпы шығын 462 млн теңгені құрады.
Бағдарламаны жүзеге асыруға қарамастан, негізгі мәселе жабдықтың көп тозуы (орташа алғанда 97,17 %), әсіресе 35кВ және жоғары қосалқы стансаларда. Көптеген объектілер 40 жылдан астам пайдалануда, бұл айтарлықтай инвестицияны қажет етеді.
«Инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаны орындау өңірді электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Алайда инфрақұрылымның тозу мәселесін шешу үшін қосымша қолдау қажет. Біз желілерді жаңғырту және қызмет сапасын жақсарту бойынша ұдайы жұмыс жүргіземіз"-деп, "СҚЭТК" АҚ бас инженері Александр Елисеев атап өтті.