Жаңа жыл – қазақстандық барша балалар үшін ерекше мереке. Дегенмен бұл күнді өзгелерден айрықша сағынышпен күтетін балалар да бар. Шырша мен жаңажылдық ертеңгіліктер облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері үшін – көптен күткен сыйлық қана емес, сонымен бірге өздеріне жанашыр жандармен сырласудың да мүмкіндігі. Әрине, мұндай қуанышты ертеңгіліктің сәні аяулы қонақтар – энергетиктер келмей, кіруі мүмкін емес.

25 жылдан астам уақыттан бері «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мектеп-интернатта тәрбие алып жатқан балаларға қамқорлық танытумен келеді. Энергетиктер жүрек жылуын балалармен бөлісуден жалыққан емес. Бүгінгі таңда мұнда 18 бала тәрбие алып жатса, олардың жетеуі биыл мектептен түлеп ұшпақ. Олардың болашағы қалай болары белгісіз, алайда ағалармен болған сырласу сәттерін олардың еш уақытта ұмытпасы анық.

Міне, биыл да жылдағы дәстүрге сай, энергетиктер мен Облыстық балалар үйі «Жұлдыздар» отбасының тәрбиеленушілері жаңа жыл мерекесі қарсаңында бірге бас қосты. Таңғажайыпқа толы мерекемен балаларды «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасы Еділ Көпенов құттықтады.

«Сіздерге жаңа жылда барлық армандарыңыз орындалсын деп тілеймін. Сіздер үшін қазір ең бастысы – әлбетте, жақсы оқу. Білім алыңдар, болашақта жолбастаушыларың сол білімдерің болады. Мен Сіздердің әрбіріңіз бұл өмірде өз лайықты орындарыңызды таба біледі деп сенемін. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!» – деді Еділ Көпенов.

Бұл достығы жарасқан отбасының әрбір мүшесіне энергетикалық компания басшысы тәттіге толы жаңа жылдық сыйлық пен боулинг орталығына тегін билеттер ұсынды.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі