Көктемнің ең жарқын мерекесі – Наурыз мейрамын бай дастархан жайып, сыйлық әзірлеп қарсы алу «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ үшін дәстүрге айналған.
Ең бастысы – облыстық интернат үйінің жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған «Жұлдыздар» бесінші отбасының тәрбиеленушілеріне мереке жасау болып табылады. Осы мақсатпен балаларға қонаққа «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасы Еділ Көпенов келді. Энергетиктер тәрбиеленушілердің тағдырын ұдайы назарда үстап, олардың білім алуы мен демалуына қолайлы жағдай жасайды, туған күн иелерін ұдайы құттықтап, мерекелерді, каникулдарды, оқу жылының басталу кеші мен мектеп бітіру салтанатын бірге өткізеді. Ал болашақ мамандығын энергетика саласымен байланыстырғысы келген балаларға компания кәсіпорындарының есігі әрдайым ашық. Әрине, бұл жолы да энергетиктер құралақан келген жоқ. Түрлі тәттілер мен жемістер мерекелік дастарханның сәнін кіргізсе, басты сыйлық – циркке билетті балалар Басқарма Төрағасының өз қолынан алды.
Еділ Көпенов жиналған балаларға Наурыз мерекесінің тарихын әңгімелеп, оның ата-балалардан қалай мирас боп қалғаны жөнінде, бұл күні халқымыз кең дастархан басына мол қонақ жинап, әрбіріне бейбіт өмір, келісім, бақ-береке тілейтіні жайлы қызықты сыр шертті. Бұл жақсы дәстүр бүгінге дейін сақталған және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын таба бермек. Сәнді киініп, көңілдері көтерілген тәрбиеленушілер энергетиктерге өздерінің оқудағы, спорттағы жетістіктері жайында айтып, қуантып тастады. Энергетиктер балаларды тыңдап, ағалық ақыл айтуға әрдайым дайын. Олар балалардың жылылық, қамқорлық сезінуі маңызды деп санайды. Қызықты әңгіме үстінде уақыт жылдам өтіп кетті, энергетиктер өз қызметтеріне кірісуі қажет. Ал балалардың алдында мерекелік концерт жоспарланған, оған балалар асқан дайындықпен келген болатын.
Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылды достар мен туыстардың ортасында қарсы алған абзал. Наурызда дәстүрлі түрде бұқаралық халықтық мерекелеу ұйымдастырылса, көп отбасылар үйлерінде Наурыз көже әзірлейді. Бұл көже тоқтық пен ауқаттылықтың белгісі саналатын 7 тағам түрінен әзірленеді: су, тұз, ет, сүт, дәнді дақылдар және басқалар. Ертеректе бұл күні адамдар туыстарды аралап, жаңалықтарын айтып, бірлескен бастамаларға кіріскен. Қала болса, мерекелік күндері ерекше құлпыра түседі. Түрлі шаралар ұйымдастарылып, ән-жырдан шашу шашылады. Солтүстік қазақстандық энергетиктер жыл сайын қаланың орталық көшесінде ұйымдастырылатын облыстық «киіз үйлер шеруіне» қатысады. Дәл осы жерде мерекелеудің бар қызығы өтеді, домбырада күй ойнап, көптен күткен көктемгі жаңбырдың алғашқы тамшысын елестетсе, таза ауада, ашық аспан астында әзірленген тағам исі алыстан өзіне шақырады. Сән-салтанаты жарасқан шеру болса, өз көрермендерінің көңілін қалдырмайды.
Мереке аясында тігілген энергетиктердің киіз үйі өзіне көп қонақтарды – сала ардагерлерін, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ зейнеткерлерін жинады. Олар Солтүстік Қазақстан энергетика саласының басшыларымен сала жайын әңгімелеп, өз дәуірлерінде атқарған жұмыстарын тағы бір еске алысты. Ал еске алатын нәрсе көп-ақ, өңірдің энергетика саласы қай заманда да ерекше маңызды, мол жауапкершілікті талап ететін сала болатын. Бүгінгі таңда да компания энергетика саласында үлкен жоспарларға ие. Киіз үй шаңырағында бас қосқан, сағынысқан энергетиктер бір-біріне жақсылық, береке, денсаулық тілеп тарқасты. Наурыз сенімі бойынша, бұл мереке тек жыл және көктем басы ғана емес, сонымен қатар, табиғаттың, достықтың, жақсылықтың да жаңару мерекесі болып табылады.
«ОАЭК» АҚ еншілес компаниясы
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі