2014 жылғы 25 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау бойынша комитетінің департаментінде «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ электр энергияны беру және бөліп тарату бойынша қызметтерінің жаңа тарифі бекітілді, ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Тұтынушылар үшін 0,15 теңгеге өседі және ҚҚС-сыз 1 кВт/с. үшін 3,56 теңге құрайды.
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ үшін саралау әдісін қолданып, электр энергияны беру және бөліп тарату бойынша қызметтерінің жаңа тарифі ҚҚС-сыз 1 кВт/с. үшін 3,416 теңге құрағанын естеріңізге салып кетейік.
Соңғы екі жылда энергетиктер үшін жаңа тарифті саралау әдісін қолдануымен оның ұзақ мерзімге (тариф 5 жылға белгеленген) бекітілгені мен жылдың аяғында оны дұрыстау мүмкіндігі жаңалық болды. Кәсіпорын қызметінің есептелген тиімділігі бекітілген тарифке өзгерістер енгізудің негізі бола алады: электр желі тарату компаниясы жылдың аяғына жақсы өндірістік көрсеткіштерімен келсе, тариф көтерілу жағына дұрысталады, кәсіпорынның көрсеткіштері нашар болған жағдайда – энергетиктерге тарифті көтеруге рұқсат етілмейді.
«Саралау әдісі» бойынша республиканың барлық электр желі тарату компанияларының көрсеткіштері алынады, салыстырылады, және де жылдың қорытындысы бойынша компания қызметінің тиімділігі бойынша кәсіпорын тиімділігінің коэффициенті (Х-фактор) анықталады. Бұл коэффициент жыл сайынғы тарифтің дұрыстауында шешуші ролін атқарады. Біз 2014 жылы 2013 жылы үшін нақты өндірістік және қаржы көрсеткіштері туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсындық. Бұл - қызмет көрсетілетін аймағы, қосылған тұтынушылардың саны, электр беру желілердің жалпы ұзындығы, қуатты трансформаторлардың саны мен қуаты, электр желілердегі ең жоғары жүктемесі, электр энергия берілуінің нақты залалы мен көлемі, және де компанияның шығындары, тозуы мен табысы туралы мәліметтері» деп «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Бас директорының орынбасары Евгений Политкин түсіндірме берді.
Келе жатқан бес жыл кезеңіне тарифті бекіту үшін департаментке электр энергияны жеткізудің жоспарланған көлемі ұсынылды - 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін 1,5 % немесе 18 млн. кВтс. мөлшерінде өсімі болжанды, табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарына сәйкес «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-нда 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңіне электр энергияның нормативтік-техникалық шығындарының деңгейі де бекітілген. 2010 жылдан бастап кәсіпорын желілерінде кәсіпорында электрэнергияның нормадан астам шығындары толығымен жойылған, ал нормативтік-техникалық шығындар деңгейі 13,59 % бастап (2010 жылы) 11,18 % дейін (2013 жылы) төмендеді. Ағымдағы жылы нормативтік-техникалық шығындар деңгейі 13,44 % мөлшерінде бекітілді, ал нақты түрінде 11,15 % күтіледі. Бүгінгі күні энергетиктер шығындарды төмендету бойынша жұмысты белгіленген кестеден бұрын орындап жатқаны анық.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – Путь в будущее» Қазақстан халқына Жолдауында елдің электрэнергетикалық саласының дамуына ерекше назар аударды. Осыған орай, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ энергетиктері үшін компания жабдықтарын жаңарту талабы бүгінгі күні көкейкесті мәселесі болғаны анық.
«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Бас директоры Александр Рейзлин: «Жабдықтардың тозуын азайту және залалды қысқарту – кәсіпорынның жақындағы жылдары мен болашаққа қойылған басым міндеті. Кәсіпорынның табысты көрсеткіштері – бұл жоспарлы, егжей-тегжейлі және көп жылдар бойы жүйелі жұмысының жемісі. Ағымдағы жылдың он айында жөндеу кампаниясы шеңберінде 155 млн. теңге мөлшеріндегі қаражатқа 1006 км әуе желілері, 2,3 км кабель желілері, 110/35 кВ 16 қосалқы станса, 10/0,4 кВ 120 трансформаторлық қосалқы станса жөнделді. Энергетикалық жабдықтар тозуының теріс әсерін жою үшін, аумақ тұтынушыларын электр энергиямен сенімді жабдықталуын қамтамасыз ету, және де электр энергия залалын жыл сайын төмендету бойынша Үкімет бағдарламасын орындау үшін кәсіпорын бекітілген инвестициялық бағдарламалар аясында күрделі салымдар жасайды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша қаражаттың игерілуі жоспарланған деңгейден 873 млн. теңге немесе 102 % құрады. 2014 жылы кәсіпорын үшін 1050 млн. теңге қаражат мөлшерінде инвестициялық бағдарламасы бекітілді, ол 2013 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламасы мөлшерінен 22,5 % немесе 193 млн. теңгеге астам» деді.
Жақын арадағы бес жыл ағымында энергетиктер жөндеу жұмыстарына 1 232 млн. теңге жұмсауға жоспарлады. 2015 жылдың жоспары бойынша 219 млн. теңге мөлшеріндегі қаражатқа 1,5 км кабель желілері, 1137 км әуе желілері, 110/35 кВ 10 қосалқы стансасы мен 144 трансформаторлық қосалқы стансасы жөнделеді. 2016 жылы жөндеу жұмыстарына 233 млн. теңге, 2017 жылы - 247 млн. теңге, 2018 жылы - 263 млн. теңге және 2019 және- 270 млн. теңге жұмсалады.
Сонымен қатар өндірістік жабдықтардың реконтрукциясы мен жетілдіруіне күрделі салымының көлемі 5 850 млн. теңге құрайды: 2015 жылға 1100 млн. теңге, 2016 жылға - 1150 млн. теңге, және 2017, 2018 мен 2019 жылдары 1200 млн. теңгеден құрайды. Инвестициялық бағдарламалардың қаржыландыру көздері – кәсіпорынның өз қаражаты болып табылады. Олар: тариф құрамында қарастырылған амортизациялық есеп айырысулары мен пайдасы.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс жасау бөлімі