Құрметті тұтынушылар! «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізуді аяқтады. Сынақтарды жүргізу барысында 50-ге жуық технологиялық бұзушылықар анықталды, магистральдық желілердің бұл учаскелері жөндеуге шығарылды. 24 маусымнан бастап ПИК және МИБ төрағаларымен бірлесіп, ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін сынақтан өткен, магистральді кезең-кезеңімен іске қосу жүзеге асырылады. Ыстық сумен жабдықтау қажеттіліктері үшін жылу тасығышты жеткізуді қалпына келтіру бойынша ақпарат «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (https://www.sevkazenergo.kz) сайтында "жоспарлы өшіру" бөлімінде орналастырылады. Естеріңізге сала кетейік, жылу желілерінің гидравликалық сынақтары Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жылу беру маусымына дайындық шеңберінде жылу желілерінің құбырлары мен жабдықтарындағы ақауларды анықтау үшін жүргізіледі.