«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-нда жетекші энергия үнемдеуші технологиялардың қолданысқа енгізіліп жатқанына бірінші жыл емес. Олардың қатарында ескі, жалаңаш өткізгіштердің орнына келген СИП (оқшауланған өткізгіштер) маркалы өткізгіштерді монтаждау жұмыстары бар.
Айта кету керек, солтүстік қазақстандық энергетиктер оқшауланған желілердің екі түрін қолдануда: 2008 жылғы СИП 4 (0,4 кВ) және 2011 жылғы СИП 3 (10 кВ)
СИП маркалы өткізгіштердің артықшылығы, оларға ағаш құлап не желмен шайқалған жағдайда аса зақымданбайды, тиісінше пайдалану шығындары 80 пайызға қысқарады. Сондай-ақ, желілердің бойына қонған құстардың өлімі де азаяды, электр энергиясын тасымалдауда кететін коммерциялық шығындар кемиді.
«Бүгінгі таңда Петропавл қаласында, ал 2013 жылдан бастап Қызылжар ауданының Бескөл ауылында 10-0,4 кВ 60 км әуе желілері СИП өткізгіштерімен жаңартылды. Оған 200 млн. теңге жұмсалды. Бұл жобаны қаржыландыру кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында жасалуда. Алайда жұмыс аяғына дейін әлі ерте. Өйткені «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату компаниясы» АҚ еншісінде 10-0,4 кВ 9 мың км өткізгіш желісі бар», – дейді «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ бас инженері Виталий Фесько.
2014 жылы электр желілері кәсіпорны 0,4 кВ 20 км әуе желілерін СИП 4 өткізгіштерімен алмастыруды (Петропавл қаласында 10 км, Бескөл ауылында 10 км) және Петропавл қаласында 10 кВ 3 км әуе желілерін СИП 3 өткізгіштерімен алмастыруды жоспарлап отыр. 2015-2016 жылдары кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында энергетиктердің алдында 14 км өткізгіштерді СИП 3 және 56 км өткізгіштерді СИП 4 маркалы өткізгіштермен алмастыру міндеті тұр. Бұған қосымша, әуе желілерін қайта құру жүмыстарына ЕҚДБ несие қаржысы да жұмсалмақ.
Аталмыш технология Финляндия, Норвегия, АҚШ, Германия және Қазақстан Республикасының бірқатар энергокомпанияларында кеңінен қолданылады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі