"Петропавл Жылу Жүйелері" ЖШС тарифтік сметаның, инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есеп берді.
Петропавл қ. 2025ж. 23.04.
Жұртшылық тыңдалымда "Петропавл Жылу Жүйелері" ЖШС бас директорының м.а. Виталий Холоша тарифтік сметаның орындалуы және инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылуын қоса, 2024 жылдағы кәсіпорын жұмысы туралы есеп берді.
2024 жылы қолданыстағы келесі тарифтер:
1 қаңтардан бастап 15 шілде бойынша —Гкал үшін ҚҚС-сыз 3 381,99 теңге, ал 16 шілдеден бастап 31 желтоқсан бойынша — Гкал үшін ҚҚС-сыз 3 529,38 теңге.
Жоспарлы көрсеткіштен 0,42% -ға аса, жылу энергиясын жүзеге асыру нақты көлемі 1,38 млн Гкал құрады.
2024 жылу энергетиктер жылы жылу желілерін жаңғырту және жөндеу бойынша айтарлықтай жұмыс көлемін орындады: 6,7 км магистралдық және таратушы жылу желілерін жөндеді, 4,5 км құбырдың оқшаулауын қалпына келтірді. Бекіткіш арматураның 86 жоспарында 150 бірлігін ауыстырды, 33 жылу камерасы жөнделді, магистралдық сорғы стансаларында сорғы және электр қуатты жабдыққа ағымдағы жөндеу жүргізілді, электр қозғалтқыштар және сорғылар сыналды, асфальт жабындысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
2024 жылға арналған кәсіпорынның инвестициялық бағдарлама шеңберінде жалпы ұзындығы 1,5 км Сәтпаев к. бойы №3 жылу магистралі қайта жаңартылды, Ружейников к. бойы №6 жылу магистралін қайта жаңарту бойынша жұмыс басталды. №1 сорғы стансасының күрделі жөндеуі аяқталды, онда электр цехының үй-жайы және сорғы жабдығының іргетасы бөлшектенді, жаңа электр цехының үй-жайы мен жаңа сорғы жабдығы орнатылды, машина залында ішкі әрлеу жұмыстары, төбеге күрделі жөндеу жүргізілді, жаңа терезелер, есіктер мен қақпалар, өрт дабылы, өртке қарсы сумен жабдықтау және жылыту орнатылды,
"Петропавл Жылу Жүйелері" ЖШС 2024 жылы тұтынушыларды тұрақты жылумен қамтамасыз етіп, өндірістік және инвестициялық бағдарламаларды сәтті орындады.