Жылу магистралі 1980 жылы пайдалануға берілді. Ауыстырылған құбырдың жалпы ұзындығы 1,5км, жалпы инвестиция сомасы 1,2 млрд. теңгені құрайды.
Жұмыстар үш кезеңде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде орындалды. Жұмыстар Кошуков және Сәтпаев көшелерінің қиылысындағы құбырды ауыстыра және жылу камерасын қайта жаңарта отырып, 2022 жылы басталған болатын, одан әрі 2023 жылы Сәтпаев к. бойы Медведев к. ауыса отырып, жұмыстар орындалды. Соңғы кезеңде 2024 жылы Фрунзе к. бойы Сәтпаев к. ауыса отырып, құбыр ауыстырылды. Қазіргі уақытта тұтынушыларды уақытша жылу жүйелерінен магистральдық желіге қайта қосу жұмыстары аяқталды. Осы жобаны іске асыру сапаржай ауданының тұрғындарына көрсетілетін жылумен және ыстық сумен жабдықтау қызметінің сапасы мен сенімділігін арттыруға, жылу ысыраптарын азайтуға, сондай-ақ магистральдық жылу желілеріндегі апат деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.