Энергетика саласына тән қасиет ұрпақтар сабақтастығының жоғары деңгейі болып табылады. Еліміздегі көптеген отбасылардың тағдыры осы саланың даму тарихымыен тығыз байланысты. Өз ісіне деген сүйіспеншілік, жоғары кәсібилік және компаняға берілгендік сияқты тамыры терең дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа мұқият беріліп, жалпы салалық мәдениеттің бір бөлігіне айналады.
Көбі энергетика саласына, былайша айтқанда, «мұрагерлікпен» келді, өйткені бұл жолды бір уақытта олардың ата-аналары немесе ата-аналарының ата-аналары таңдаған. Және де ұрпақтан ұрпаққа мамандық таңдау сала үшін қауіпсіздік маржасын жасайды және терең құрметті тудырады. Әулет- бұл таңдаған кәсіби жолға деген адалдық, дәстүр, сабақтастық.
«Солтүстік Қазақстан ТЭК» АҚ-да 168 жалпы еңбек өтілі, Фоминдер мен Запорощенко әулеті оның ажырамас бөлігіне, отбасылық дәстүр мен энергетикаға берілгендіктің көрінісіне айналды.
Тарих облыстағы энергетиканың дамуының бастауында тұрған, 1-ЖЭО машинисі Николай Иванович Фоминыхтан басталды. Оқушы Александр Фоминых, әкесіне жұмысқа келіп жүріп, энергетикалық кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне қызығушылық танытты. Қызығушылық Александр Николаевич 47 жылын арнаған мамандық таңдауға айналды. Қосалқы қызметтің тарату құрылғыларының жабдығын жөндеу бойынша электр слесарінің жұмысын істей жүріп, Александр Фоминых өңірдегі барлық қосалқы станциялардың құрылысына ат салысты.
«Жұмыста бәрі болды. Қысқы суықта, боранда аудандарға шығатынбыз. Автокөліктер аз болды, соның өзі жие сынатын. Электр монтерлердің қазіргі буынының жабдықталуы және жабдықпен қамтамасыз етілуі біз үшін ең керемет арман болатын. Бәрі болды: апаттар мен түнгі шығулар, барлық облысты «аралап шықтық». Жұмыс істеу қызық болды, жанымызда сенімді адамдар, ұжымда түсінушілік болды. Жұмысымыз маңызды және қажет екендігіне сендік. «Солтүстік Қазақстан ТЭК» АҚ ұжымына рахмет, мен өзімді әлі күнге дейін энергетиктер қатарында жүргендей сезінемін, менің әріптестерім ардагерлерге өте мұқият қарайды»-деп,
Александра Николаевичтің зайыбы- Галина Ивановна, энергетикалық кәсіпорында 26 жыл жұмыс істеді. Қазіргі таңда Фоминых отбасы құрметті демалыста. Энергетикадағы эстафетаны олардың екі ұлы мен қызы және күйеу баласы жалғастыруда.
Екі ұлы, Сергей және Юрий Фоминых, кәсіпорынға, қосалқы станция қызметіне 1995 жылы келді. Сергей қазір электр монтер болып істейді.Адал еңбегі үшін ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Юрий ағасы секілді қосалқы станцияға қызмет көрсету бойынша электр монтер, сауатты, жауапты маман. Келесі жылы ағайынды Фоминыхтар жоғары өндіріс қарқынын көрсеткен, кәсіпорында 30 жыл жұмыс өтілін атап өтеді.
«Жұмыс күрделі, қиын болса да, қызық. Кәсіби жоспарда ұдайы дамуға, өзінің дағдыларын жетілдіруге, жаңа білім алуға мүмкіндік бар. Біздің салада- бұл қажет, тілек емес. Мұнда әрбір қадам жазылған, үздіксіз оқу керек»-деп, Сергей Фоминых ойымен бөлісті.
Александр Николаевич пен Галина Ивановна Фоминыхтың қыздары - Оксана Запорощенко, 2012 жылдан бастап кәсіпорында қосалқы станция қызметінде электр жабдығын орауды жөндеу жөніндегі электр монтер болып жұмысын бастады, 2023 жылдан бастап жөндеулерді жоспарлау және дайындау бөлімінің жетекші инженері болып жұмыс істейді.
«Солтүстік Қазақстан ТЭК» АҚ-да онымен бірге жұбайы- Павел Запорощенко жұмыс істейді, 1999 жылы ҚР Қарулы күштері қатарындағы қызметтен кейін қосалқы станция қызметінің электр монтері болып кәсіпорынға жұмысқа келді, сосын шебер болып, ал содан кейін қызметтің жетекші инженері лауазымына ауыстырылды. 2023 жылы Павел Запорощенко қосалқы станция қызметін басқарды.
«Энергетика туралы түсінік бала кезімде қалыптастырылды, әкем Павел Григорьевич және ағатайым Анатолий Григорьевич энергетикалық кәсіпорында жұмыс атқарды, сондықтан мамандық таңдау тез шешілді. Қосалқы станция қызметі жұмысының негізгі бағыты 35 кВ және одан жоғары қосалқы станциялардың жабдығын техникалық пайдаланудың жоғары деңгейі есебінен тұтынушыларды электрмен үздіксіз қамтамасыз ету боып табылады. Александр Фоминых құрылысына ат салысқан, қосалқы станцияларда, енді энергетикалық жабдықты пайдалануға және уақтылы жөндеуге жауапкершілікті біз арқалайды екенбіз»-деп, Павел Запорощенко айтты. Біздің әріптесіміз мінсіз және адал еңбегі үшін салалы грамоталармен марапатталғанын, сондай-ақ «Құрметті энергетик» атағы берілгенін, атап өтеміз.
Ұрпақтан ұрпаққа Фоминых пен Запорощенко отбасыларының энеретикаға деген адалдығы өзгеріссіз қалады. Қандас туыстыққа байланысты, олар өз әулетінің беделін түсірмеуге тырысады.
Сонымен қатар жаңа буын Александр Николаевич пен Галина Ивановнаның немерелері -Сергей, Артем және Илья энергетика бағдары бойынша білім алуда, ал білім туралы диплом алғаннан кейін отбасы үшін туған кәсіпорында жұмыс істеуді жоспарлайды. Сондықтан 168 жыл-саны энеретика саласындағы Фоминых пен Запорощенко отбасылары үшін түпкіліксіз көрсеткіш.