Бескөл ауылындағы Қызылжар аудандық Электр Жүйелері оқу-жаттығу полигонында кезекті мәрте 13 аудандық электр станциялары жедел жөндеу қызметкерлерінің арасында кәсіби жарыс өткізілді.
Айта кетейік, жыл сайын облыстың барлық ауданынан электромонтер бригадаларын жинау – тек дәстүр ғана емес. Байқауға қатысу арқылы электромонтерлер бірінші кезекте өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасады, қауіпсіздік техникасы жөніндегі білімдерін тәжірибеде шыңдайды. Қызметкерлердің, тұрғындардың да денсаулығы мен өмірі көп ретте осы электромонтерлердің сапалы техникалық дайындығы мен өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауына байланысты болады.
«Энергетика саласында жұмыс жасаған кезде туындайтын қауіп өте жоғары. Сондықтан біздің басқосулардың басты мақсаты мен міндеті – жарақаттану көлемін азайту болып табылады. Электр тогінің не түсі, не иісі де болмайды. Ол өте өауіпті болғандықтан, электромонтерлердің жұмысы да оңайға соқпайды», – деп атап өтті «Солтүстік Қазақстан Электр желілерін тарату компаниясы» АҚ бас инженерінің орынбасары Александр Елисеев.
Сондай-ақ, жарысқа бірінші рет қатысушылар компания қолданысқа енгізіп жатқан жаңа технологиялармен жұмыс жасап үйрене алады.
«Биылғы жылы біз жарыс аясында қызметкерлерді СИП желілерінде жұмыс жасауға үйретеміз. Полигонда біз жаңа материалдар мен жаңа заманғы ұрал-жабдықтарды таныстырамыз. Оның арасында отандық өнімдер де бар. Бұл құрылғыларды біз өз желілерімізде қолданамыз», – дейді «Солтүстік Қазақстан Электр Желілерін Тарату компаниясы» АҚ бас инженері Виталий Фесько.
«Солтүстік Қазақстан Электр Желілерін Тарату компаниясы» АҚ бас директоры Александр Рейзлиннің сөзінше, осы тектес байқаулар барлық қатысушыларға командада жұмыс жасауды үйретеді. Бірлескен жұмыс, өзара көмек пен бірлік – энергетиктерге ең қиын жағдайлармен күресуге көмектесетін қасиеттер.
«барлық командаларға жоғары кәсіби біліктіліктерін танытқаны үшін алғыс білдіремін», – деді Александр Рейзлин жиналған энергетиктерге арнап сөйлеген сөзінде.
Жарыс қорытындысында бірінші орынды Благовещенский ЖӨБ бригадасы жеңіп алды. Бұл команда өткен жылы да жеңісті қолдан бермеген болатын. Екінші орынды Мамлютки энергетиктері иеленсе, үшінші орын – полигон иелері – Қызылжар электромонтерлеріне тиесілі болды. Арнайы аталымдар бойынша ең үздік шебер – Сергей Шаренков (Мамлютки АЭС), үздік электромонтер – Алексей Сенькин (Корнеев АЭС) дараланды. Жеңімпаздар мен дипломанттардың бәрі «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ атынан арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«ОАЭК» АҚ еншілес кәсіпорны
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі