«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-да компания персоналының және «Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстар қызметі» РММ қатысуымен жоспарлы өртке қарсы жаттығулар өтті.
Ертерек әзірленген оқыту сценариясы бойынша шартты өрт 1-ЖЭО ғимаратаның электр цехында болды.Шағын станция қызметкерлері өртті көріп қалып, бірден 101 қызметіне, сондай-ақ Петропавл қ. бойынша диспетчерлік қызметке телефон шалды, содан кейін өртті өз күштерімен сөндіруге тырысты. Диспетчер 101 номерге қоңырауды қайталады, өрт шыққан жерге кәсіпорынның жедел- әрекет ету бригадасын (ЖӘБ) шақырды және басшылыққа болған жайт туралы бір мезгілде хабардар етті.1-ЖЭО ғимаратындағы барлық персонал эвакуацияланды. ЖӘБ күшімен ғимарат электр қуатынан ажыратылды, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіруге тырысты. Өрт-сөндіру бригадасының экипажы шартты өрт болған жерге келіп, ЖӘБ экипажы рұқсатты ресімдегеннен кейін өрт сөндіруге кірісіп кетті. Сценараий бойынша жүрізіліп жатқан операция барысында өрт сөндіру бригадасы зардап шеккен екі адамды тауып, эвакуциялады, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.Өрт сөндірілгеннен кейін 1-ЖЭО ғимаратының персоналы жұмыс орнына оралды.
«Жаттығу барысында персоналдың өрт жағдайында жылдам және дұрыс қозғалу, персоналды эвакуциялау кезінде дұрыс шешім қабылдау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану, алғашқы медициналық көмек көрсету және зардап шегушіні дұрыс тасымалдау шеберлігі мен дағдылары пысықталды. Бұдан басқа, жаттығу барысында өртке қарсы қызмет өкілдерімен бірлескен іс-қимыл табысты пысықталды»,- деп «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ азаматтық қорғаныс штабының бастығы Жанат Мүлкібаев іс-шараны қорытындылады.
Жаттығуда электр желістік компания тарапынан шамамен 50 адам және Петропавл қ. өрт сөндіру бөлімінің 34 қызметкері, өрт сөндіру техникасының 7 бірлігі, медициналық көмек көрсету орталығының бірлігі қатысты. Осындай бірлескен іс-шаралар жыл сайын өткізіледі.