«Негізгі жабдықты қайта жаңарту және жаңғырту» инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша ақпараттық тур «Солтүстік Қазақстан Электр Желістік Тарату Компаниясы» АҚ объектілерінде өтті. ҚР Ұлттық экономика министрінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаменті кездесуді ұйымдастырды.    

 

«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ  басым міндеті- сенімді және сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету. Кәсіпорын қуат жабдықтары мен негізгі құралдарды жөндеуге және қайта жаңартуға қаражат бөледі. Ағымдағы жылда  инвестициялық бағдарлама аясында осы іс-шаралар үшін шамамен 3,6 млрд. теңге бөлінді.  Жұмыстар мен қызметтерді орындауға, сондай-ақ жабдықтар мен материалдарды жеткізуге шарттар жасалды»,-  деп  «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ  бас директоры  Александр Чекулаев айтты.  

 

Кәсіпорынның негізгі назары келесі жобаларды жүзеге асыруға бағытталған: 

  • Аққайың ауданында «Смирново» 220/35/10 кВ қосалқы  стансасын қайта жаңарту;  
  • Петропавл қ. 10 кВ ПС 110/10 кВ № 11  жабық тарату қондырғысын қайта жаңарту;   
  • облыстың қосалқы стансаларындағы 35-110 кВ ашық  тарату қондырғысының блоктарын ауыстыру; 
  • сулы-батпақты жерден 35-110 кВ  әуе желілерінің   35,4 км  ауыстыру. 

 

Қайта жаңартудың маңызды объектілерінің бірі -СҚО Аққайың ауданында орналасқан, «Опытная-Рублевка» 35кВ әуе желісінің учаскесі. Желі 1985 жылы пайдалануға берілді.     Су тасқыны кезеңінде көлдердің қосылуы нәтижесінде электр желісінің ұзындығы 14 км  жуық бөлігін су басқан.  Бұдан басқа,  жыл сайынғы көктемгі мұз тоқтату кезінде тіректер құлап,  Опытное және Рублевка  елді-мекендері бір ғана электр қуаты көзімен қалады. Апаттық  өшіру жағдайында тұрғындар электрмен жабдықтаусыз ұзақ мерзімге қалуы мүмкін. 35 кВ әуе желісінің бөлігін су басу аймағынан  алу жөнінде шешім қабылданды.     Қазіргі таңда осы объектідегі жұмыс аяқталуға шақ. 

 

Тағы бір іс-шара- облыстың  қосалқы стансаларында ауыстыру үшін  (ОРУ) - 110 кВ ашық  тарату қондырғысының блоктарын   сатып алу болып табылады.  Осылайша,  1983 жылы пайдалануға берілген,  Жамбыл ауданының   110/35/10 кВ «Пресновка»110/35/10 кВ  қосалқы стансасында  қосалқы стансаның табиғи тозуына, құрамдас бөліктердің және  ҚБҚ жоғына байланысты,  ОРУ-110 кВ блоктарды және май қосқыштарын вакуумдық қосқыштармен ауыстыру қажет болды. ОРУ-110 кВ блоктың бір жинағын ауыстыру орындалды, екінші  жинақты орнату бойынша жұмыс 2024 жылдың қазан айының ортасына дейін аяқталатын болады.  

1992 жылы пайдалануға берілген, Мамлют ауданының   110/35/10 кВ  «Литейная»  қосалқы  стансасында TER_Rec35_Smart1_Sub7с реклоузермен  ОРУ-35 кВ блоктарды жеткізу  толық көлемде жүзеге асырылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға мердігерлерді анықтау бойынша рәсімдер жүрып жатыр. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.       

 

«Осы қосалқы станса  барлық Мамлют ауданының электрмен жабдықтау жүйесінде маңызды орын алады, сондықтан  ескірген және тозған тарату қондырғыларын  жаңарту туралы шешім қабылданды. «Солтүстік Қазақстан Электр Желістік Тарату Компаниясы» АҚ  жоспарланған кезеңге бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес қабылданған барлық  міндеттемелерді  орындауға ниетті»,- деп  түйіндеді   Александр Чекулаев.   

 

Бұдан басқа, инвестициялық бағдарлама аясында  электр желісінің  және технологиялық жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету және кәсіпорынның жөндеу-пайдалану  функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті  өлшеу құралдары, құрылғылар, айла-бұйымдар,  аспаптар   мен диагностикалық жабдықтар  сатып алынады.