2015 жылғы 22 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында 320 орындық «Алақай» балабақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Әлеуметтік нысанның құрылысы мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде жүргізілді.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниясына біздің балабақша ашу туралы бастамамызға қолдау білдіргені үшін үлкен рахмет. 2015 жылы біз төрт балабақшаның түсауын кестік. Энергетиктер бұл іске асқан жауапкершілікпен келген екен. Алдағы уақытта жұмыс жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, энергетиктер тұрғындарды сапалы жарық пен жылумен қамтамасыз етіп, Петропавл қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартуға атсалысып келеді. Балабақшаның дәл бүгін, энергетиктердің төл мерекесінде ашылуы шараға ерекше сән беріп тұр», – деп атап өтті Ерік Сұлтанов.