. Қазақстан Республикасы күні  қарсаңында   "СЕВКАЗЭНЕРГО"  АҚ компаниялар тобында   "СЕВКАЗЭНЕРГО"  АҚ-да, "Солтүстік Қазақстан ТЭК" АҚ-да, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-да және  «Севказэнергосбыт» ЖШС-да  жұмыс істейтін, түрлі ұлт қызметкерлерін біріктірген, "Бір шаңырақ астында" фестивалі өтті. Фестивальға қатысушылар Қазақстанда тұрып жатқан, халықтың дәстүрлі тағамдарын дайындады. Дастархандар бауырсақ, бешбармақ, бәліш, кәуәп және басқа да ұлттық тағамдарға толы болды. Қонақтар тәтті тағамнан ауыз тиіп, әріптестерінің кулинарлық таланттарын бағалай алды. Қызметкерлер әр тілде ән шырқап, Қазақстанның мәдени мұрасының байлығын паш етіп, өз халықтарының салт-дәстүрлері мен әдеп-құрыптары туралы білімдерін ортаға салды.   "СЕВКАЗЭНЕРГО"  АҚ компаниялар тобында 22 ұлт өкілдері жұмыс істейді. Бұл өзара сыйластық пен  толеранттылықтың бірегей атмосферасын қалыптастырады. "Бір шаңырақ астында" фестивалі энергетиктердің Қазақстанымыздың дамуы мен өркендеуіне  үлес қосу-ортақ мақсат біріктірген үлкен  тату отбасы екенін, тағы да бір дәлелдеді.