Солтүстік қазақстандық энергетиктер 2013 жылы атқарған жұмыстары жөнінде өз тұтынушыларына есеп берді. 2014 жылы 14 наурызда «СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниялар тобы ішінде соңғысы болып «Севказэнергосбыт» ЖШС өкілдері бұқаралық тыңдау өткізді.
Шараға ТМРА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Марат Мұстафин, «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры Мағауия Сағындықов, энергиямен қамтушы мекеме бас директорының орынбасары Тамара Пашкова және жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Марат Мұстафин «Севказэнергосбыт» ЖШС жұмысы «СЕВКАЗЭНЕРГО» кәсіпорындар тобының өзге компанияларынан көп жағынан ерекшеленетінін айтып өтті. Өндірістік кәсіпорын болып табылмайтындықтан, энергия өткізуші компания Петропавл 2-ЖЭО, электр және жылу желілері секілді ауқымды инвестициялық бағдарламаларға ие емес. Алайда тұтынушылар алдындағы жауапкершілігі, керісінше, бәрінен жоғары. Өйткені компания мамандары өз тұтынушыларымен тікелей жұмыс жасайды. Сондықтан энергиямен қамтамасыз етуші кәсіпорынның негізгі жұмысы – Петропавл қаласы тұрғындарына сапалы қызмет көрсету мен қолайлы жағдай жасау болып табылады. Компанияның инвестициялық бағдарламасы осы жұмыстарға бағытталған.
«2012 жылдың 1 қазанынан 2013 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жұмыс жасаған инвестициялық бағдаралама аясында 9 916 мың теңгенің жұмыстары жоспарланған болатын. 2013 жылдың 1 қазанынан 2014 жылдың 1 қазанына дейін кәсіпорында жалпы сомасы 11 737 мың теңгені игеру жоспарланып отыр. 2013 жылы желтоқсанда «Севказэнергосбыт» ЖШС-нің Жұмабаев көшесі, 66-үй мекен-жайында жаңаланған сервис орталығының салтанатты ашылуы өтті. Енді кез-келген тұтынушы сервис орталықтың көпарналы 500-666 телефонына қоңырау шалып, қажетті ақпарат ала алады. Мәселен, жоспарлы және жоспардан тыс электр және жылу энергияларынан ажыратулар жайында ақпарат алуға болады. Бұл арқылы біз өз тұтынушыларымызбен қарым-қатынас жасауды жаңа деңгейге көтердік. Алайда мұнымен тоқтап қалмай, жаңа жетістіктерге ұмтыламыз», – деп сендірді «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры Мағауия Сағындықов.
Расында, көпфункциялы операциялық зал мен байланыс орталығынан бөлек, энергетиктер тағы да басқа, дыбыстық пошта, арыз-шағым мен тұтынушылар ұсыныстарының ортақ базасы, есептегіштер көрсеткіштерін СМС арқылы тарату секілді бірқатар жаңалықтарды енгізуді жоспарлап отыр.
Бұқаралық тыңдауларға қатысушылар өз тараптарынан компания дамуының оң динамикасын атап өтті. Тұтынушылар, көп ретте ПИК төрағалары жылу энергиясы есептегіш құралдарын орнатуға қатысты өздерін қызықтырған сауалдарын қойды. Бұдан бөлек, жиынға қатысушыларды қала тұрғындары арасында дебиторлық қарыздың жағдайы қызықтырды. Энергетиктер тұтынушылардың барлық сұрақтарына тұщымды жауап берді.
«ОАЭК» АҚ еншілес компаниясы
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі