13 шілдеде Қызылжар аудандық электр желісінің аумағында «Ұрпақтар энергиясы» атты отбасылық мерекелік іс-шара өтті, ол «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «Солтүстік Қазақстан ТЭК» АҚ кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырылды. Жарыстар мен көңілді ойындарға «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының 200-ге жуық қызметкері қатысты. Сондай-ақ алаңда балалар ересектерден кем болған жоқ. Жаман қарақшылар достар мен әріптестердің жылу кездесуіне жетіп келді және жиналғандар қазына сандығын іздеуде күрделі жұмбақтарды шешуге мәжбүр болды. Командалық рухтың үйлесімдігі мен күшті сынынан сәтті өтіп, жеңімпаздар лайықты марапатқа ие болды. Қарқынды жарыс бағдарламасынан кейін энергетиктер мен олардың отбасы мүшелері бір-бірімен араласып, аниматорлармен ойнап, би сайыстарына қатысып, самаурыннан хош иісті шәй ішіп, дәмді палауды жеп қайтты. Отбасылық спорттық мерекенің басты қорытындысы-тамаша көңіл-күй, ұзақ уақытқа сергектік пен қуат заряды болды. Осындай іс-шараларды өткізу «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да бұрыннан жақсы дәстүрге айналған. Қызметкерлер өз үлгілерімен балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін, салауатты өмір салтын ұстануын тәрбиелейді. Ал жұмысшылар мен олардың отбасылары арасындағы бейресми байланыс кәсіпорын ұжымын біртұтас команда ретінде сезінуге мүмкіндік береді және жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал етеді.