«Солтүстік Қазақстан ТЭК» АҚ-да қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы үздік қызметкерлерді марапаттады.Кәсіпорын қызметкерлері өндіріс үшін маңызды салада білімдерін көрсетті. Қатысушылар бірнеше белгілер бойынша тексерілді:қауіпсіздік ережелерін сақтау, олардың сақталуының маңыздылығын көрсету, ҚТ бойынша бағдарламаларды орындауға қатысу және ескертулерді жою, ҚТ бойынша талаптарды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу. Кандидаттарды құрамында кәсіпорынның бас директоры, бас инженер, қауіпсіздік және еңбек қорғау басқармасы бастығының м.а., персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы және кәсіподақ комитетінің төрағасы бар, арнайы комиссия бағалады. Қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы үздік қызметкерлер: Игорь Савченко,М.Жұмабаев аудандық электр желісінің №2 Булаев шеберлік учаскесінің тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтері;∙ Валерий Миллер, Возвышен жөндеу-өндірістік базасының Қарағанды шеберлік учаскесінің тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтері; ∙ Павел Музыченко, Есіл аудандық электр желісінің қосалқы стансасының бастығы; ∙ Вячеслав Флинта, Корнеев жөндеу-өндірістік базасының Корнеев шеберлік учаскесінің шебері;∙ Виталий Белоус, Шал ақын аудандық электр желісінің тарату құрылғыларын жөндеу жөніндегі электрослесарі; ∙ Николай Барабаш, Тимирязев аудандық электр желісінің тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтері; ∙ Владимир Храмов, Жамбыл аудандық электр желісінің Преснов шеберлік учаскесінің шебері; ∙ Максим Попов, Мамлют аудандық электр желісінің қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша инженері; ∙ Кайрат Таутескенов, Қызылжар аудандық электр желісінің тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтері; ∙ Дмитрий Бурдов, оқшаулау, асқын кернеуден қорғау, өлшеу қызметінің инженері; ∙ Юлия Суворкова, релелік қорғау, электравтоматика мен өлшеу қызметінің есептеулер мен режимдар жөніндегі инженері; ∙ Денис Скобликов, электр энергияны коммерциялық есепке алу автоматтандырылған жүйесі бойынша тобының жетекші инженері; ∙ Анатолий Мирецкий, қала бойынша 10/0,4 киловольт әуе желілері қызметінің шебері; ∙ Павел Суслов, қала бойынша трансформаторлық қосалқы стансалардың, таратушы қосалқы стансалардың, толық трансформаторлық қосалқы стансалардың тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтері; ∙ Виктор Жудра, қала бойынша жедел-диспетчерлік қызметтің тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтері; ∙ Сергей Олесиюк, механизация және көлік тобының тарату желілерінің жүргізуші/электромонтері; ∙ Игорь Гордеев, жедел бөлігі және техникалық инспекция бойынша тобының шебері; ∙ Светлана Сивенкова, жөндеу цехының сылақшысы; ∙ Владимир Мезенцев, қосалқы стансалардың тарату құрылғыларын жөндеу жөніндегі электрослесарі; ∙ Артем Рамазанов, орталық диспетчерлің қызметтің диспетчері; ∙ Андрей Могильный, Соколов жөндеу-өндірістік базасының қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі инженері; ∙ Анна Авдеева, көрсеткіштерді алу және бақылау бойынша топтың аға бақылаушысы; ∙ Игорь Кормин, 35 киловольт және жоғары әуе желілері қызметінің шебері; ∙ Алена Гагерова, қауіпсіздік және еңбек қорғау қызметінің қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі инженері; ∙ Багдат Жексембаев, диспетчерлік және технологиялық құралдары қызметінің жетекші инженері. Еңбек қорғау бойынша үздік техникалық инспектор болып екі қызметкер атанды: Тимирязев шеберлік учаскесінің шебері- Марлен Жолдыбаев және Жамбыл аудандық электр желісінің Преснов шеберлік учаскесінің шебері- Владимир Храпов. «Солтүстік Қазақстан ТЭК» АҚ бас директоры Александр Чекулаев қызметкерлерге грамоталар мен ақшалай сыйақы табыс етті.