Энергетика вице-министрі – Сұңғат Есімханов «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-да ағымдағы жағдайды тексерді. Энергетиктер жылыту маусымының өтуі және инвестициялық бағдарламаның орындалуы,сонымен қатар қуат нарығынан қаражатты меңгеру туралы есеп берді.
«Өндірістік процестердің тиімділігін арттыру үшін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да генерацияны ұлғайтуға және кәсіпорынның экологиялық параметрлерін жақсартуға бағытталған, жабдықтарды жаңғырту бойынша ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. 2024 жылға бекітілген инвестиция көлемі және жөндеу қоры шамамен 18,8 млрд. теңгені, оның ішінде қуат нарығы есебінен 2,947 млрд.теңгені құрайды»-деп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директордың өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары- Петр Богданов айтты.
Осы қаражат келесі іс-шараларды орындауға бағытталған:
4 қазандық агрегатын және 2 турбоагрегатты күрделі жөндеу – 2,9 млрд. теңге;
7 қазандық агрегатын және 4 турбоагрегатты ағымдағы жөндеу;
ст.№2 қазандық агрегатын қайта жаңарту – 2 млрд. теңгеден астам;
№ 1 түтін мұржасы діңінің құрылыс – 2 млрд. теңгеден астам;
2 күл үйіндісінің №3 секциясының бөгетін ұлғайту – 444,8 млн. теңгеден астам;
№3,6 қазандық қондырғыларының пик қазандықтарын ауыстыру - 401 млн. теңгеден астам;
ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу – 717,5 млн. теңге;
теміржолдарды күрделі жөндеу – 210,5 млн. теңгеден астам.
Петропавл 2-ЖЭО күзгі-қысқы маусымнан өтуге жеткілікті мөлшерде отынмен қамтамасыз етілген. Компанияның жабдық түріндегі барлық активтері, сондай-ақ персонал жылыту маусымын сәтті өткізуге толық дайын.