Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова және «Қазақстан халық партиясы» АБ депутаттары Петропавл 2-ЖЭО-ға барды. Жұмыс барысы кезінде депутаттар еңбек ұжымымен кездесті, инвестициялық бағдарламаның орындалуымен және жылыту маусымының өтуімен танысты.
Делегацияға «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының ағымдағы жылда орындалған жөндеу жұмыстары, 2024 жылға арналған жоспарлар туралы толық айтылды, кәсіпорын бойынша аралап-көрсету жүргізілді және цехтарда тікелей жұмыс процессімен таныстырылды.
«Петропавл 2-ЖЭО, негізгі қызмет түрі жылу және электр энергиясын өндіру болып табылады, 60 жылдан астам жұмыс істейді.Жыл сайынғы жаңғырту және жөндеу жұмыстарының арқасында станция қарқынын бәсеңдетпейді, 2024 жылы екі қазандық агрегатының, турбоагрегаттың күрделі жөндеуі, күл үйіндісінің бөгетін ұлғайту, теміржол өткел учаскесін жөндеу және өзге ауқымды жөндеу жұмыстары жоспарланған»,-деп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский айтты.
Ирина Смирнова күзгі-қысқы кезеңде СҚО энергетиктары жылыту маусымына сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдағанына, назар аударды. Жылыту маусымында Петропавл қаласының шамамен 260 тұрғынын тұрақты жылумен қамтамасыз етуге, объектілерде ауқымды жұмыс жүргізілді.
«Біз энергетика саласындағы қордаланған мәселелердің ауқымын түсінеміз. Жылу орталықтары мен басқа да жабдықтардың тозуы 80 пайызға жетеді. Қазіргі жағдайда 2-ЖЭО жүктемені көтере алатынына, ал жылыту маусымының штаттық режимде өтуі қуантады»,-деп, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова атап өтті.
Диалог барысында тағы бір өзекті мәселеге ерекше назар аударылды: саладан жоғары білікті мамандардың кетуі. Кадрлар тапшылығы мен тұрақсыздықтың негізгі себебі- төмен еңбекақы төлемі. Қазіргі таңда қаржыландырудың негізгі көзі- бұл тарифтер. Олар сәйкесінше өспейінше, мамандарды ұстап қалу мүмкін емес, дейді энергетиктер. Кездесуде энергетика саласындағы мамандар тапшылығын шешу үшін алаңға айналуы мүмкін, оқу-өндірістік комбинаттарды жандандыру мәселесін де талқылады. Энергетиктарды тыңдап, Ирина Смирнова жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша қойылған мәселерге депутаттық сауалдар дайындайтынына, уәде берді.