«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ базасында жастар мәслихатының бастамасымен Петропавл қаласы кәсіпорындарына қарасты жұмысшы жастар істері жөніндегі комитеттердің кездесуі өтті. Форумға «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Жастар істері жөніндегі комитетінің өкілдері де қатысты.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Жастар істері жөніндегі комитеті 2013 жылы ғана құрылды. Бірақ, соған қарамастан, энергетик жастар ұйымы болашаққа батыл қарап, өз азаматтық көзқарастарын кәсіпорын ішінде де, оның сыртында да айқын білдіріп келеді.
Мектеп оқушыларына электр желілерін қалай дұрыс пайдалану керектігін әңгімелеу, жас шыбықтар отырғызу, салауатты өмір салтын насихаттау, ҰОС ардагерлерін құттықтау, ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуына қолғабыс ету сынды көптеген шаруалар осы жас энергетиктердің мойнына жүктелген.
Қаланың өзге кәсіпорындары жастарымен кездесуде энергетиктер тағы да көзге түсті. Батыл сұрақтары мен қызықты ұсыныстарымен, айқын азаматтық көзқарастарымен ерек көрінді. Ал кездесуде талқыланған тақырыптар өте өзекті болатын: жұмысқа орналасу, жұмысшы жастарды тұрғын үймен қамту, діни мәселелер, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты жөніндегі жаңа заң жобасын дайындау тақырыптары қозғалды.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ – Солтүстік Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бірі болып табылады. Кәсіпорында 2,5 мыңға жуық адам жұмыс жасаса, солардың 30 пайызы – жас мамандар. Демек, мұндай кездесулердің өткізіліп тұруы біз үшін өте қажет, біз қалада болып жатқан барлық жаңалықтардан құлағдар болып отыруымыз керек. Шара барысында біздің әрбіріміз өзімізге қажетті де қызықты ақпараттарға қанықтық. Алдағы уақытта мұндай пайдалы кездесулер жиі өткізіліп тұрады деген сенімдеміз», – дейді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Жастар істері жөніндегі комитет төрайымы Олеся Скопинова.
«ОАЭК» АҚ еншілес кәсіпорны
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі