Электр энергиясын тұрмыстық тұтынушылардың назарына 

 

            2024ж.08.07. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының    Заңына  енгізілген өзгерістерге сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушыларды электрмен жабдықтауды электр желілері бар  және өңірде электр  энергиясын кепілдік беруші болып танылған ұйым ғана қамтамасыз ете алады.Осындай ұйым «Солтүстік Қазақстан Электр Желістік Тарату Компаниясы» АҚ болып табылады. Баламалы энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жоқ.    

            Осыған байланысты,   «Севказэнергосбыт»  ЖШС  2025 жылғы 1 қаңтардан бастап  электр энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуді тоқтатады.  

            Тұтынушылардың объектілерін электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап  «Севказэнергосбыт»  ЖШС-ның электрмен жабдықтау шарттары бойынша құқықтары мен міндеттері «Солтүстік Қазақстан Электр Желістік Тарату Компаниясы» АҚ-ға беріледі.   

             «Солтүстік Қазақстан Электр Желістік Тарату Компаниясы» АҚ  Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің  2017 жылғы 23 қазандағы №356 бұйрығымен бекітілген,  тұрмыстық тұтынушыларға арналған  электрмен жабдықтаудың  үлгілік  шартына сәйкес  2025 жылғы 1 қаңтардан бастап    тұрмыстық тұтынушыларды электрмен жабдықтауды жүзеге асыруды   көздеп отыр.    

                                                        

                                                                                                            «Солтүстік Қазақстан Электр Желістік

                                                                                                              Тарату Компаниясы» АҚ әкімшілігі

 

 

Тұрмыстық тұтынушыларға арналған  электрмен жабдықтаудың  үлгілік  шарты

 

Петропавл қ.

2025 жылғы 1 қаңтар

 

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан Электр Желістік Тарату Компаниясы» АҚ, бұдан әрі Сатушы деп аталатын, Жарғы негізінде әреке ететін, бас директор А.И.Чекулаев тұлғасында, бір тараптан, және тұрмыстық тұтынушы, бұдан әрі Тұтынушы, бірлесіп Тараптар деп аталатын, төмендегілер туралы  осы электрмен жабдықтау Шартын (бұдан әрі-Шарты) жасасты:    

 

 

  1 тарауШартты қолданылатын, негізгі  ұғымдар

1.Осы Шартты келесі   негізгі  ұғымдар қолданылады:   

1) есеп-айырысу кезеңі- тұтынылған электр энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлеуге ұсынылатын, электрмен жабдықтау шартында айқындалатын, уақыт кезеңі;  

2) тұрмыстық тұтынушы-  электр энергиясын тауарлардан өндірумен (сатумен), жұмыстармен және қызметтерді көрсетумен  байланысты емес өз шаруашылық қажеттіліктері үшін пайдаланатын жеке тұлға;   

3)коммерциялық есепке алу аспабы- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, тәртіпте қолдануға рұқсат етілген, электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық  есепке алуға  арналған, техникалық қондырғы;   

4) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесі-электр энергиясы мен қуатын (электр энергиясын есепгеіш, ток пен кернеуді өлшеу трансформаторлары)  тұтынуды анықтауға арналған коммерциялық есепке алу аспаптарының  жиынтығы және белгіленген схема бойынша өзара қосылған қондырғы (коммутациялық  аппарат); 

5) энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын  беруге шарты бар,  энергия беруші ұйымның жауапкершілік шекарасында орналасқан нүкте, электр энергиясын сату нүктесі болып табылады;     

Осы шартта қолданылатын, өзге де ұғымдар мен терминдер   электр энергетикасы және табиғи  монополиялар салаларындағы  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.   

 

  2 тарауШарт мәні  

  1. Сатушы тұтынушыны сату орнына дейін электр энергиясымен қамтамсыз етуге, ал тұтынушы Шартқа сәйкес тәртіппен және шарттарда тұтынылған электр энергиясының ақысын төлеуге міндеттенеді.
  2. Тұтынушымен Шарт Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы  заңнамасында және коммерциялық есепке алу аспаптарында белгіленген тәртіппен  электр желілеріне тікелей қосылған жабдық болған жағдайда ғана жасалады.    

 

  1. тарау. Тұтынылған электр энергиясын есепке алу

 

  1. Сатушы берген және тұтынушы қабылдаған электр энергиясының мөлшері коммерциялық есепке алу аспапатарының көрсеткіштерімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған жағдайда -есептеу арқылы анықталады.  
  2. Коммерциялық есепке алу аспаптарының саны коммерциялық есепке алу аспаптарын қабылдау актісінде көрсетіледі.
  3. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін Сатушының немесе энергия тасымалдаушы ұйымның өкілдері сағат 21-00-ден кешіктірмей алады. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде қашықтан алу кез-келген уақытта рұқсат етіледі.     

 Коммерциялық есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу кезінде тұтынушының өзіне-өзі қызмет көрсетуіне рұқсат етіледі. Көрсеткіштерді қабылдау және төлем құжаттарын төлеу кезінде тұтынушы жіберген қателерді Сатушы және (немесе) энергия беруші ұйым алты айдан аспайтын мерзімде анықтағандықтан есеп алады.

 

  4 тарау. Электр энергиясын төлеу тәртібі   

  1. Төлемді Тұтынушы Сатушы берген төлем құжаты негізінде есеп-айырысу айынан кейінгі айдың 25-інен (жиырма бесінен) кешіктірмей жүзеге асырады. Есеп-айырысу мерзімі бір күнтізбелік айды құрайды.  

Коммерциялық есепке алу аспаптарын смарт-картамен пайдалануға негізделген электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болған жағдайда тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді Тұтынушы төлем құжатын бермей, белгіленген мөлшерде дербес жүргізеді.   

  1. 8. Егер тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылған жағдайда қосуды Тұтынушы бұзушылықтың жойылғанын растайтын құжаттармен жүгінгеннен кейін және қосу қызметіне ақы төлегеннен кейін энергия беруші  (энергия өндіруші) ұйым 1 (бір) жұмыс ішінде жүзеге асырады.   
  2. 9. Тұтынушылар төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурс арқылы энергиямен жабдықтаушы ұйымның немесе бірыңғай есеп-айырысу ұйымының қызметкерлерімен алады.

Төлем құжаттары мен берешек туралы хабарламаларды тек интернет-ресурс  немесе бірыңғай есеп-айырысу ұйымы арқылы алуға болады, осы шарттың акцептінде тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда.  

  1. 10. Электр желісінің баланстық шекарасында емес электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабын орнатқан жағдайда электр желісінің баланстық шекарасынан электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату алаңына дейінгі аумақта электр энергиясының ысыраптары болып табылады, балансында электр желісінің көрсетілген учаскесі орналасқан меншік иесіне шарттық негізде бекітіледі және Тұтынушымен келісім бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның есептеуімен айқындалады.   

11.Тұтынушылар электр энергиясын беруді тоқтату  (шектеу) туралы хабарламаны шарттың акцепінде   көрсетілген әдістермен (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімен, қысқаша мәтінді хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлермен)  кемінде 30  (отыз) күнтізбелік күн бұрын алады.   

  1. 12. Жаңа тарифтерді енгізу тұтынушыларды кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын-ала хабардар еткеннен кейін жүзеге асырылады және осы Шартты қайта жасау үшін негіз болып табылмайды.   

 

  5 тарау.Тұтынушының құқықтары мен міндеттері   

13 Тұтынушының құқықтары:   

1) жасалған шартқа сәйкес электр энергиясын алуға;  

2) қажетті мөлшерде  электр энергиясын пайдалануға;   

3) энергия өндіруші, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан жасалған шарт талаптарына сәйкес   электр энергиясын тапшылықпен немесе сапасыз жеткізуден келтірілген нақты залалды өтеуді  талап етуге;   

4) шартты жасасу мен орындауға байланысты, даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге;  

5) тұтынылған электр энергиясы үшін оның тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша төлемдерді жүзеге асыруға;  

6) Сатушыға 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын хабарлау және тұтынылған электр энергиясы үшін толық көлем жасау шартымен Шартты біртарапты тәртіппен бұзуға;   

7) Сатушыдан тұтынылған электр энергиясының көлеміне негізделген алымдар егжей-тегжейлі көрсетілген төлем құжатын талап етуге;   

8) қызмет көрсететін энергиямен жабдықтайтын ұйымды жаңа энергиямен жабдықтайтын ұйымға ауыстыруға;  

  1. 14. Тұтынушы міндетті:

1) электр энергиясын сатып алу-сату шартында көрсетілген, энергия тұтыну режимдерін сақтауға;  

3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының  стандартты жиілігін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындауға;   

4) жасалған шарттарға сәйкес жіберілген, берілген және тұтынылған электр энергиясын  уақытылы төлеуге;  

5) энергиямен жабдықтаушы  және энергия беретін ұйымдардың қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының қызметкерлеріне, жергілікті атқарушы органдардың  уәкілетті өкілдеріне электр және электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыруға рұқсат беруге.

 

  6 тарау. Сатушының  құқықтары мен міндеттері     

 

  1. 15. Сатушының энергия беретін ұйымды тарту арқылы құқықығы бар:

1) төлем жасалмаған, сондай-ақ   электр энергиясы үшін Шартпен белгіленген мерзімде төлемді толық орындамаған жағдайда, Тұтынушыны   шарттың акцепінде   көрсетілген әдістермен (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімен, қысқаша мәтінді хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлермен)  кемінде 30  (отыз) күнтізбелік күн бұрын хабардар ету арқылы электр энергиясын толық немесе ішінара беруді тоқтатуға;    

2) Шартты жасауға және орындауға байланысты, даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге;  

  1. 16. Сатушы міндетті:

1) жасалған шартқа сәйкес электр энергиясын  ұсынуға;

2) Тұтынушыға оған келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге міндетті;  

3) Тұтынушыға хабарлама жіберілген фактісін растау әдісімен электр энергиясы үшін  төлемді төлемеген немесе толық төлемегені үшін электр энергиясын беруді тоқтағанға дейін кемінде 30  (отыз) күнтізбелік күн бұрын хабардар етуге;    

4) кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын бұқаралық ақпараттық құралдарда хабарландыру жариялау арқылы, сондай-ақ төлем құжаттарында көрсетілген өзгерістер туралы ақпаратты көрсете отырып, Тұтынушыны электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, олардың өзгерістері туралы хабардар етуге;   

5) Тұтынушыдан өз кассалары, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы оған берілген электр энергиясы үшін төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге. Тұтынушыдан оған берілген электр энергиясы үшін төлемдерді  қосымша   көздер арқылы, оның ішінде интернет-ресурстар, терминалдар, төлем  агенттері, төлем ұйымдары арқылы қабылдауға рұқсат етіледі;  

6) Тұтынушыға тұтынылған электр энергиясы үшін төлемге арналған төлем құжатын ай сайын ұсынуға;  

7) энергия беруші ұйымдар жабдықты жөндеу және жаңа  тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты, Тұтынушыға электр энергиясын беруді жоспарлы тоқтату туралы тоқтатылғанға дейін үш күнтізбелік кұннен кешіктірмей хабарлауға;  

8) табиғи  монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік органмен келісілген, тарифтер бойынша  электр энергиясын ұсынуға;  

 

 7 тарау. Тараптардың жауапкершілігі  

  1. 17. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда тараптар келтірілген нақты залалды өз еркімен немесе келісімге келмеген жағдайда сот шешімі бойынша өтеуге міндетті.  
  2. 18. Форс-мажорлық жағдайлар (табиғи апаттар, әскери әрекеттер және террорисік шабуылдар), сондай-ақ тараптарға байланысты емес мән-жайлар туындаған (электр беру желілерін және басқа жабдықты ұрлау немесе зақымдануы) электр энергиясын берудегі үзілістер үшін тараптар материалдық жауапкершілікте болмайды.

 

  8 тарау. Қорытынды ережелер  

  1. 19. Шарт Тұтынушы қосылған желіге нақты қосылған сәттен бастап жасалған болып есептеледі және 1 (бір) жыл мерзімге жарамды.

Мерзімнің аяқталуы туралы   Шартты бұзу немесе өзгерту туралы  тараптардың бірінен өтініш болмаған жағдайда, ол белгісіз мерзімге және оны жасау кезінде Шартта көзделгендей шарттармен ұзартылды деп есептеледі.  

  1. 20. Осы шарттың талаптарын орындауға байланысты Сатушы мен Тұтынушы арасында даулы мәселелер туындаған жағдайда, Сатушы даулы мәселелерді ерікті негізде шешу үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді.Даулы мәселерді шешу бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, осы Шарттың орындалу орнында сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.   
  2. Шарт тараптардың келісімі бойынша енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережелеріне қайшы келмеуге тиіс, қосымша келісім түрінде ресімделеді, тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделеді.

 

 9 тарау. Тараптардың деректемелері   

 

Сатушы

Тұтынушы

«Солтүстік Қазақстан Электр Желістік Тарату Компаниясы» АҚ

БСН 990140000196

Петропавл қ. Аяған Шәжімбаев ат. к. 144

ЖСК KZ716010251000055213  «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да   БСК HSBKKZKX