Жылу энергияны пайдаланатын тұрмыстық тұтынушыларының назарына

 

2024ж.08.07. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының    Заңына  енгізілген өзгерістерге сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушыларға жылу энергияны «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС жылу жеткізетін ұйымы жасай алады.

Қазақстан Республикасының «Жылу энергетика туралы» 2024ж.08.07. күнгі жаңа заңына сәйкес тұтынушыларға жылу энергияны «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС жылу жеткізетін ұйымы жасайды.

Осыған байланысты, «Севказэнергосбыт» ЖШС 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жылу энергиямен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуді тоқтатады.

Тұтынушылардың нысандарын жылу энергиямен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатымен 2025 жылғы 1 шілдеден бастап «Севказэнергосбыт» ЖШС-нің жылу энергиямен жабдықтау бойынша құқықтары мен міндеттері қызметтерді көрсету шарттары бойынша «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-не беріледі.

Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы №58 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиямен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуге үлгілік шартына сәйкес және  2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі –Премьер-Министрі орынбасарының 2024 жылғы 1 қазандағы №82 бұйрығымен бекітілген Жылу энерияны өткізу бойынша қызметтерді көрсетуге үлгілік шартына сәйкес 2025 жылғы 1 шілдеден бастап «тұрмыстық тұтынушыларды жылу энергиямен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыруды   көздеп отыр.    

.

 

«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС әкімшілігі

 

Жылу энергиямен жабдықтау бойынша

қызметтерді көрсетуге үлгілік шарты

 

Петропавл қ.                                                                                                      2025 жылғы 1 қаңтар

 

Бұдан әрі, Өнім беруші деп аталатын «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС, БСН 990140000176,  атынан Жарғы негізінде әрекет ететін Бас директордың м.а. В.В.Холоша бір тараптан және бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын қызмет пайдаланушысы- тұрмыстық тұтынушы екінші тараптан, әрі қарай Тараптар деп аталушылар, төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

 

 

  • 1 тарау. Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар

 

  1. Шартта келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

есеп айырысу кезеңі - тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және Тұтынушыға төлемге ұсынылатын энергиямен жабдықтауға арналған шартпен айқындалатын уақыт кезеңі (күнтізбелік ай);

жылу энергиясы үшін есеп айырысу - Тұтынушының Өнім беруші берген төлем құжаты негізінде есеп айырысу кезеңі аяқталған соң тұтынылған жылу энергиясы үшін төлемақысы;

жылумен жабдықтау жүйесі - жылу көздері, жылу желілері және жылуды тұтыну қондырғыларының жиынтығы;

жылу тұтынатын қондырғы - жылу энергиясын Тұтынушының қажеттіліктері үшін жылу энергиясын, жылу жеткізгішті пайдалануға арналған қондырғы;

жылу желiсi - жылу энергиясын беруге, таратуға арналған құрылғылар жиынтығы;

жылу тасымалдаушысы- жылу энергияны беру үшін жылумен жабдықтау жүйесінде қолданылатын зат (су, бу);

жылу энергия – жылу тасымалдаушысы беретін энергия, оны пайдаланғанда жылу тасымалдаушысының термодинамикалық параметрлері (температурасы, қысымы) өзгереді;

өлшеу құралдарын тексеру – өлшеу құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкес келуін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;

өнім беруші – сатып алынған жылу энергиясын Тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;

тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – жылу тұтынатын қондырғылардың және/немесе желілердің теңгерімдік тиесілілігі бойынша және/немесе тараптардың келісімімен айқындалатын тараптардың жылу тұтынатын қондырғыларын және/немесе желісін бөлу нүктесі (сызығы), көп пәтерлі тұрғын үйлерінде тұтынушы және энергия беретін немесе энергиямен жабдықтайтын ұйымы арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы басқару торабында кіреберіс ысырмаларының бірінші бөлу фланці бойынша айқындалады (элекватор);

жылу/электр желісінің теңгерімдік тиесілігінің шекарасы – Өнім беруші энергия тарататын ұйым, энерния өндіретін ұйым мен Тұтынушы арасындағы жылу желісін оның теңгерімдік тиесілілігіне сәйкес бөлу нүктесі;

төлем құжаты – Өнім беруші есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштерінің негізінде жазған, ал ол болмаған немесе уақытша бұзылған жағдайда, есептеу жолымен – оның негізінде Тұтынушы тұтынған жылу энергиясы үшін төлемақы жүргізетін құжат (шот, хабарлама, түбіртек, ескерту шоты);

тұтынушы – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметті пайдаланатын немесе пайдалануға ниетті жеке немесе заңды тұлға;

уәкілетті органның ведомствосы – сәйкес табиғи монополиялар саласында басқарушылық атқаратын мемлекеттік органының ведомствосы

 

 

  2 тарау.  Шарт мәні  

 

  1. Шарт алдындағы міндетті талаптар қажет болған жағдайда Шартқа жеке қосымшамен ресімделеді.
  2. Өнім беруші Тұтынушыға жылу энергиясын қосылған желі арқылы беруге міндеттенед.

Бұл ретте, тұтынушыларға жеткізілетін жылу энергиясының параметрлері (сапасы) тараптардың теңгерiмдiк тиесiлiлігінің шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi бойынша айқындалады және мемлекеттік стандарттарда немесе энергетика саласындағы өзге де нормативтiк техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, сондай-ақ Өнім беруші жасаған және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген температуралық кестеге сәйкес келуге тиiс.

Өнім беруші Тұтынушыны Шартқа сәйкес жылу энергиясымен қамтамасыз етуге міндетті.

 

3 тарау. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну шарттары

  1. Өнім беруші жылу энергиясын босатуды, тараптардың келісімімен өзгеше келісілмеген болса, үздіксіз жүргізеді.
  2. Тұтынушының тұтынатын жылу энергиясының жүктемесі мен санын Шартта көрсетілгеннен асыруына, бірақ алынған техникалық шарттардағы мәлімделген және тіркелген жобалық шамалардан аспайтын, Тұтынушының өтінімі бойынша Өнім берушінің рұқсатымен жол беріледі, бұл ретте Шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі.
  3. Тұтынушы Өнім берушіге Шартта айқындалған талаптармен жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ жылу энергиясын тұтыну режимі мен осы Шартта көзделген басқа талаптарды сақтауға міндеттенеді.
  4. Өнім беруші Тұтынушыға жылу энергиясын беруді Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекіткен Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында (Қазақсатн Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10234 нөмірімен тіркелген) және осы Шартта көзделген жағдайларда, оның ішінде:

1) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган куәландырған жылу тұтыну қондырғыларының қанағаттанарлықсыз жай-күйі авария кауіпін туғызатын немесе азаматтардың өмірлері мен қауіпсіздіктеріне қауіп төндіретін жағдайда, Тұтынушыны міндетті түрде хабардар етіп және толық жеткізілмеген жылу энергиясы үшін кейін қайта есеп айырысу жүргізіп;

2)  жылу тұтыну қондырғыларына және (немесе) жылу энергиясын есепке алу аспаптарына олардың техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін Өнім берушінің және Мемлекеттік энергетикалық бақылау өкілдерін жібермеген жағдайда, Тұтынушыны кемінде үш тәулік бұрын ескертіп;

3) осы Шарттың 8. тармағымен көзделген жағдайларда, Тұтынушыны кемінде үш тәулік бұрын ескертіп;

4) жылу тұтыну қондырғылары жүйелерін есепке алу аспаптарын орнату орнына дейін қосқан жағдайда;

5) жылу желісіне жаңа қуаттарды өздігінен қосқан жағдайда;

6) тараптардың арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі ұсынылған қызметтер үшін ақы төлемеген жағдайда;

7) жылу тұтыну қондырғыларының және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмыс істеуінің техникалық дайындығы актісінсіз жылу желілеріне қосылған және Тұтынушыда тиісті дайындалған персонал және жылу тұтыну қондырғыларының қауіпсіз әрі сенімді жұмыс істеуіне жауапты адамды тағайындау немесе осындай қызмет түрімен айналысуға рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге шарт болмаған жағдайда (тұрмыстық тұтынушылардан басқалары);

8) тараптардың келісімдерімен өзгеше көзделмесе, Шартта көзделген конденсат көлемін 30 %-дан кем қайтарған жағдайда;

9) апат кезінде тоқтатуға немесе шектеуге құқылы.

Өнім берушінің жылу энергиясын беруді тоқтатуы мен шектеуі Тұтынушыны ескертумен:

осы тармақтың 4), 5) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда - жедел түрде;

осы тармақтың 1), 2), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда - жылумен үздіксіз жабдықтау объектілерін қоспағанда, кемінде үш тәулік бұрын;

осы тармақтың 11) тармақшасында көзделген жағдайларда – жылу энергияны тұрмыстық емес мақсатымен тұтынушыға, егер басқа жағдайлары шартпен қарастырылмаса, жылу энергияны тоқтату немесе шектегенше дейін кемінде үш тәулік бұрын тұтынушының электронды поштасынахабарлама жолдау немесе факс арқылы  ескерту жлымен (хабарлама беру жолымен) жазбаша түрде ескертуден кейін жүзеге асырылады.

Бұл ретте, Тұтынушыны жазбаша түрде ескерту Тұтынушының өзіне, қолын қойдырып беріледі не Тұтынушыға тапсырыс хатымен жіберіледі, ал осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда Тұтынушы телефонограммамен хабарландырылуы мүмкін.

Тұтынушы шарт жасасқанда немесе кейін электрды поштаның мекенжайын берсе, ескерту тұтынушының электронды поштасына жолданады.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұтыратын Тұтынушыларға осы тармақтың 1), 2), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген жағдайлардакондоминимум нысанды басқарушы органының өкілетті органының атына хат, телефонограмма жолда жолымен жүзеге асырылады.

  1. Резервтік қуаттандыру болмаған жағдайда, жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтауды тоқтату тәртібі Жылу энергияны тұтыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

4 тарау. Жылу энергиясын есепке алу

 

  1. Тұтынушылардың жылу тұтыну қондырғылары жылу энергиясы үшін есеп айырысу үшін есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етіледі. Тұтынушы есепке алу аспаптарын дербес алуға және орнатуға құқылы. Есепке алу аспаптарын Өнім беруші алған және орнатқан жағдайда Тұтынушы онымен Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жылу энергиясын есепке алу аспабын алу мен орнатуға тиісті шарт жасасады. Жылу энергиясын есепке алуды ұйымдастыру, жылу жеткізгіштің жылу энергиясын есепке алу тораптарының техникалық жай-күйі нормативтік техникалық құжаттамалардың талаптарына жауап беруі тиіс.
  2. Жылу энергиясын есепке алу үшін үлгілері Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік тізіліміне енгізілген есепке алу аспаптары пайдаланылуы тиіс. Бұл ретте, оларда алғашқы немесе кезең-кезеңмен тексерілгені туралы осындай тексеруге құқығы бар ұйымның таңбасы болуы қажет.

Есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды энергия беруші (өнім беруші) ұйымның өкілдері тұтынушы өкілдерінің не оның өкілінің қатысуымен, ал көрсеткіштерді қашықтан алатын есепке алу аспаптарын орнатқан жағдайда Тұтынушының қатысуынсыз жүргізеді.

Тұтынушының кінәсінен екі есеп айырысу кезең ішінде коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу мүмкіндігі болмаған кезде және бұл ретте тұтынушы өзінің тұтынған жылу энергиясының мөлшері туралы мәліметті энергия беруші ұйымға ұсынбаса, онда энергиямен жабдықтаушы ұйым өткен жылдың осыған ұқсас кезеңі үшін нақты тұтыну бойынша кейін қайта есеп айырысу жүргізе отырып, жылу энергиясының орташа тәуліктік шығысы бойынша есеп жүргізуге құқылы. Тұтынушының кінәсінен есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуға мүмкіндіктің болмауы Өнім берушінің журналына тиісті жазбамен расталады.

  1. Есепке алу аспаптарын кезеңмен тексеру, жөндеу және техникалық қамтамасыз етуді энергия беруші ұйым не осындай қызмет түріне рұқсаты бар өзге мамандандырылған ұйым Тұтынушымен жасалған жеке шарт бойынша жүзеге асырады.

Тұтынушы есепке алу аспаптарын кезеңмен тексеру, жөндеу және техникалық қамтамасыз етуші мамандандырылған ұйымды өзі таңдауға құқылы.

  1. Тараптар өздерінің теңгерімдеріндегі есепке алу аспаптарына өз есептерінен метрологиялық стандарттарға сәйкес көзделген мерзімдерде метрологиялық тексеруді жүргізеді.

Тараптар талап ететін тараптың есебінен жүргізілетін қосымша тексерулер жүргізуді талап ете алады.

  1. Өнім беруші жеткізген және Тұтынушы алған жылу энергиясы мөлшері есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалады. Тұрмыстық тұтынушыда есепке алу аспабы болмаған жағдайда, реттелетін коммуналдық қызметтерінің есепке алу аспабы болмаған тұтынушылары үшін төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс, республикалық маңыздағы қалалар, астана әкімдері бекіткен нормалары бойынша айқындаладыжәне Табиғи монополиялар туралы Қызықстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жылу энергиясын босатуды есепке алу тараптардың теңгерімдік тиесілілігінің бөлу шекарасында жүргізіледі. Есепке алу аспаптары тараптардың теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында орнатылмаған жағдайда, бөлу шекарасынан есепке алу аспаптары орнатылған жерге дейінгі желі учаскесіндегі ысыраптар желінің аталған учаскесі теңгерімінде тұрған иеленушіге жатады.

         Жылу ысыраптарын есептеуді немесе жылу ысыраптарына сынақты энергия беруші ұйым Тұтынушымен бірлесіп жүргізеді.

  1. Жабдықтардың техникалық жай-күйі үшін жауапкершілік және тұтынушының меншігіндегі, оның ішінде тұтынушылардың ортақ меншігіндегі жылу желілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұтынушыларға жүктеледі және теңгерімділік тиесілігінің шекарасы бойынша анықталады.

Жылу энергиясын есепке алу аспаптарының сақталуына жауапкершілік оның иесіне жүктеледі және теңгерімділік тиесілігінің шекарасы бойынша анықталады.

Кондоминиумды басқару органы жылу тұтыну қондырғыларына қызмет көрсетуді дербес немесе мамандандырылған ұйыммен шарт бойынша жүргізе алады.

  1. Есепке алу аспабы істен шыққан жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым көрсетілген кезеңдерге есепке алу аспаптары жоқ Тұтынушылар үшін жылумен жабдықтауды тұтыну нормасы бойынша, бірақ бір айдан аспайтын мерзім ішінде есеп айырысу жүргізеді, осы уақытта есепке алу қалпына келтірілуі тиіс.

Егер есепке алу аспабын көрсетілген мерзімде қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, есептеу тәртібі және есептеуді қалпына келтіру мерзімдері тараптардың жеке келісімімен белгіленуі тиіс.

Есепке алу аспаптарын үшінші тұлғалар ұрлаған немесе сындырған жағдайда сақтауға жауапты адам, Шартта өзгеше көзделмесе, бір ай мерзімінде есепке алу аспабын қалпына келтіруге міндетті. Есепке алу аспаптарын қалпына келтіру сәтіне дейін Тұтынушы өзін жылу желісіне қосуды талап етуге құқылы.

5 тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 

 

5.1. Тұтынушы:

1) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілеген тәртіппен тарифтер бойынша сатып алуға;

2) осы Шартта белгіленген көлемде және мерзімде белгіленген сападағы көрсетілетін қызметтерді алуға;

3) тараптардың келісімі бойынша кәсіпкерлік мақмсат үшін  және тұрмыстық тұтыну үшін қажетті мөлшерде жылу энергиясын алуға;

4) Шартта белгіленген кәсіпкерлік мақсат үшін тұтынылатын жылу энергиясы санын өзгертуге;

5) Өнім берушіден Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгеруі туралы ақпарат алуға;

6) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес үздіксіз циклдағы өндіріске байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде жылу энергиясын үздіксіз алуға;

7) Өнім берушіден жылу энергиясын жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметке ақы төлеуді қайта есептеуді және жасалған шарттың талаптарына сәйкес жылу энергиясын толық жеткізбеуден немесе сапасыз жеткізуден келтірген нақты залалды өтеуді талап етуге;

8) Өнім берушіден нақты сыртқы ауа температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қайта есеп айырысуды талап етуге;

9) Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін уәкілетті және (немесе) сот органдарына жүгінуге;

10) жария тыңдауларға қатысуға;

11) Өнім берушіні хабардар еткен және Өнім беруші ұсынған қызмет көлеміне толық ақы төлеген жағдайда Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

12) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

13) Өнім берушісі нақты берген қызметтері үшін төлем жасау шартымен отыз күнтізбелік күнінен кеш емес Өнім берушіге жазбаша түрде хабарлауымен біржақты тәртіппен Шартты бұзуға. Соның өзінде жылу бреу жүйесі  көп пәтерлі үйдің жалпы жылу беру жүйесінің бөлігі болып табылатын бөлек бөлменің жылу энергиямен жабдықтауға шартынан біржақты тәртіппен бас тартуға рұқсат етілмейді.

  1. Тұтынушы:

1) Шарттың талаптарына сәйкес Өнім берушінің жылумен қуатымен жабдықтау бойынша ұсынған қызметтеріне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

2) Өнім берушіге есепке алу аспаптарының істен шыққаны немесе жұмыс режимінің және жағдайларының бұзылғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға міндетті. Олай болмаған жағдайда есепке алу аспаптары тиісті құжаттармен расталған олардың соңғы тексерілуі кезінен бастап істен шықты деп есептеледі;

3) Жылу энергиясын пайдалану қағидалары энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес пайдаланатын желілердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін тиісті дәрежеде қамтамасыз етуге, энергия тұтынудың белгіленген режимін сақтауға, сондай-ақ Өнім берушіге авариялар, өрттер және энергияны пайдалану кезінде туындайтын өзге де бұзушылықтар туралы дереу хабарлауға;

4) жоспарлы жөндеулер, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жағдайларынан басқа, жылу тұтыну қондырғыларын пайдалануға қосқанға дейін және әрбір жылыту маусымының алдында Өнім беруші берген техникалық дайындық актісін ресімдеу үшін іс-шаралар кешенін жүргізуге;

5) желілердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін жылу энергиясын есепке алу аспаптарына және жылу тұтынатын қондырғыларға Өнім беруші және Мемлекеттік энергия бақылау өкілін кедергісіз жіберуді қамтамасыз етуге;

6) Шартты бұзу кезінде есеп айырысуларға салыстыру жүргізу және Өнім берушінің жылу энергиямен жабдықтау бойынша нақты ұсынған қызметтеріне қарызын өтеуге міндетті.

  1. Өнім берушінің:

1) Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес Тұтынушылардың сақтаулары үшін міндетті техникалық шарттарды белгілеуге;

2) Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында энергиясын пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және оларды тексеруді ұйымдастыруға;

3) белгіленген тәртіпте біржақты тәртіппен жылу және/немесе электр қуатын беруді жартылай немесе мүлде тоқтатуға;      

4) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекіткен тарифтер бойынша жылу энергиясымен жабдықтау жөнінде көрсетілетін қызметтер үшін ақы алуға;

5) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тарифтердің қолданылуы кезеңінде жылу энергиясын жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді төмендетуге;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында белгіленген өзге де құқықтарға және өзге де іс әрекеттерді жасауға құқығы бар.

  1. Өнім беруші:

1) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің барлық тұтынушылары үшін тең жағдайларды ұсынуға;

2) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға Тұтынушымен Шарт жасасуға;

3) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі ұсынылған қызметтер үшін Тұтынушылардан төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге;

4) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шартты жасасу кезінде Тұтынушылардың құқықтарын бұзуға жол бермеуге;

5) жылу желілерінің теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында осы Шартта көзделген жылу энергиясының параметрлерін ұстауға;

6) Тұтынушыға өз құзыреттерінің шегінде мемлекеттік органдар белгілеген сапаға қойылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ Шарттың талаптарында белгіленген тәртіппен және мерзімде жылу және электрмен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға;

7) жасалған Шарттың талаптарына сәйкес жылумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнына қайта есептеу жүргізуге және жылу энергиясын толық жеткізбеуден немесе сапасыз жеткізуден келтірген нақты залалды өтеуге, уәкілетті орган бекіткен нақты сыртқы ауа температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің құнын қайта есептеу әдістемесіне сәйкес нақты сыртқы ауа температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға;

8) Тұтынушыға жеткізілетін жылу энергиясын есепке алуды және оның сапасына бақылауды жүргізуге, жылу энергиясы сапасының бұзылуының алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;

9) Тұтынушы жылу энергиясы сапасының төмендеуі туралы жазбаша өтініш берген не ауызша өтініш жасаған күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сапаны қалпына келтіру бойынша барлық шараларды қабылдауға және қайта есеп айырысу жүргізуге;

10) осы Шартта көзделген жағдайлардан басқа жылумен жабдықтауда үзілістерге жол бермеуге;

11) есепке алу аспабының істен шығуы Тұтынушының кінәсінен болмаған жағдайда, жылу энергиясы есебін өткен жылдың осындай кезеңі үшін Тұтынушының орта тәуліктік шығысы бойынша жүргізуге;

12) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектік деңгейлерінің өзгеруі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде Тұтынушының назарына жеткізуге;

13) Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Тұтынушы үшін жылу энергиясы тарифтерін төмендетуге;

14) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес үздіксіз циклдағы өнідіріске байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде Тұтынушыға жылу энергиясын үздіксіз беруге;

        15) жылу энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін Тұтынушы өкілдерінің қатысуымен алуға не энергия беруші ұйым өкілдерінің көрсеткіштерді тұтынушы өкілдерінің қатысуымен, немесе қашықтық түрде алуын қамтамасыз етуге;

       

6 тарау. Тараптарға қойылатын талаптар

 

  1. Тұтынушыға инженерлік желілерді қайта жабдықтауға, реттегіш және бекіткіш арматураны орнатуға, қосуға, энергетика саласындағы нормативтік құжаттарда белгіленген қауіпсіз пайдалану талаптарына және басқа да талаптарға жауап бермейтін жабдықтар мен қондырғыларды пайдалануға, жылу энергиясын есепке алудың қолда бар схемаларын бұзуға, сондай-ақ жылыту жүйелеріндегі жылу жеткізгішті мақсаты бойынша пайдаланбауға жол берілмейді.
  2. Тараптарға тараптардың құқықтарын шектейтін немесе өзгеше жолмен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларын бұзатын әрекеттер жасауға тыйым салынады.
  3. Тараптардың келісімімен Үлгілі шарт және Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарсы келмейтін басқа да талаптарымен толтырылуға мүмкін.

 

 

7 тарау. Есеп айырысу тәртібі.

 

  1. Тұтынушы Өнім берушінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекіткен тарифтер бойынша жүргізеді.
  2. Тұтынушы Өнім берушінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша ұсынған нақты қызметтеріне ақы төлеуді есеп айырысудан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес жүргізеді. Есепке алу аспаптары болмаған жағдайда Тұтынушы ақы төлеуді осы Шарттың 13 тармағына сәйкес жүргізеді.
  3. Өткен кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, төлемақы бiрiншi кезекте осы берешектi өтеуге жiберіледі. Тұтынушы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзіндегіден артық сома төлеген жағдайда, осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде (не тараптардың келiсiмi бойынша Өнім берушінің алдындағы Тұтынушының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса) есептеледi. Егер Тұтынушы Өнім берушінің келесi есеп айырысу кезеңiндегi қызметтерiнен бас тартса, артық төленген сома қайтарылады.
  4. Егер коммерциялық есепке алу аспаптары ақаулығының нәтижесiнде және басқа да жағдайларда шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда Тараптар кейiнгі есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгізедi.
  5. Төлем жасу құжатында көрсетілген деректемелер бойынша Өнім берушінің ағымдағы шотына ақша аудару Өнім берушінің көрсетілетін қызметтерiне ақы төлеу бойынша Тұтынушының мiндеттемелерiн орындауы деп танылады.

 

8 тарау. Дауларды шешу тәртібі

 

  1. Жылу энергиясын беруді тоқтату уақыты, сондай-ақ оның сапасының нормативтік-техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес келмеуі уақыты (күні, сағаты) көрсетіліп, кейін жылу энергиясын тиісті сапада беруді қалпына келтірудің уақыты (күні, сағаты) белгісі қойылып, Өнім берушінің диспетчерлік қызметі журналында белгіленуі қажет.
  2. Жылу энергиясын берудегі үзіліс кезінде немесе тиісті сападағы жылу энергиясын бермеу кезінде Тұтынушы бұл туралы Өнім берушіні өзі (өтініммен) немесе міндетті түрде берілген уақыты, күні және беруші және қабылдаушы тұлғалардың тектері көрсетілген телефонограммамен хабардар етеді. Телефонограммада тауар сапасының нашарлай бастауының (болмауының) уақыты, нашарлау сипаты және Өнім беруші өкілінің болуының қажеттілігі (егер жылу энергиясы сапасының нашарлауы немесе оны берудегі үзілісті Өнім беруші журналда тіркемесе) көрсетіледі.

Тұтынушы өзі өтініш берген жағдайда өтінімнің көшірмесі болуы тиіс. Көшірмеде оның түсуін тіркеу сәтінде тіркеу нөмірі, өтінімді беру күні мен уақыты, Өтінім берушінің қабылдап алған өкілінің қолы қойылады. Жылумен жабдықтау тоқтаған жағдайда өтінім дереу, параметрлері нашарлаған жағдайда - ауытқу басталған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірілмей беріледі.

Өнім беруші өтінімде (телефонограммада) көрсетілген тауар сапасының ауытқуы, Тұтынушыларға оны берудегі үзілістер туралы журналдағы белгілерді салыстырады және келіспеушіліктер болмаған жағдайда параметрлердің есептіден орта тәуліктік ауытқуына сүйене отырып, тауар құнын қайта есептеуді оны нақты тұтынуына сәйкес жүргізеді.

  1. Өнім берушінің жылу энергиясын бермеу немесе сапасы төмен тауар (жылу энергиясын) ұсыну фактісін куәландырудан бас тартқан жағдайда Тұтынушы мыналар көрсетілген жазбаша өтініш жазуға құқылы:

тауарды беруден бас тартудың (ажыратудың) немесе оны сапасыз берудің басталған уақыты;

тауар сапасы нашарлауының сипаты;

өтінім берудің уақыты және оны тіркеу нөмірі (Өнім берушінің журналы бойынша);

жылу энергиясын беруді қалпына келтіру уақыты (оның сапасының қалыпқа келуі);

тауардың болмаған (сапасының нашарлаған) кезеңі.

Өтінішке Тұтынушы, Тұтынушының жылу шаруашылығына жауапты адам, екі тәуелсіз куә қол қояды да, Өнім берушіге жіберіледі. Егер дау реттелмесе, Тұтынушы атом энергиясы мен электрэнергияны  пайдалану саласында басқарушылық атқаратын органдарына үндеуге немесе сотқа талап арыз беруге құқылы.

  1. Желілік суда өз бетімен алған, тұтынушы өз бетімен жылуды тұтыну қондырғыларын қосылған, тұтынушының коммерциялық есепке алу аспаптары бұзылған, есепке алу торабында орнатылған пломба бұзылған немесе ол болмаған жағдайларда энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым акті жасайды және тұтынушы пайдаланған жылу энергиясы көлеміне екі есе мөлшерде қайта есеп айырысу жүргізіледі.

Ыстық су бойынша қайта есеп айырысу бір жылдан аспайтын кезеңге жүргізіледі, ал жылыту желілері үшін жылыту кезеңінің басынан осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген оқиға анықталған сәтке дейін жүргізіледі.

Акт энергия беруші ұйымы өкілінің және тұтынушының немесе оның өкілінің қолдары болғанда жарамды болады. Акт тұтынушы не оның өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оны энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның комиссиясы және (немесе) құрамы үш адамнан тұратын кондоминиумды басқару органы ресімдеген жағдайда жарамды болып табылады.

 

9 тарау. Тараптардың жауапкершіліктері

 

  1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
  2. Шот бойынша ақы төлеу мерзімі келген сәтке ол бойынша төлем жасамағаны үшін, Шарттың 29 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Өнім беруші Тұтынушының төленбеген сомалары бойынша төлемді кешіктірген әрбір күні үшін Тұтынушының ақшалай міндеттемені нақты орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еседен аспайтын мөлшерде, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын айыппұл төлеуді талап етуге құқылы. Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы, осы Шартпен көзделген есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың бірінші күні болып табылады, егер тараптармен басқа жағдайлары қарастырылмаса.
  3. Егер Өнім беруші үшін Тұтынушыға жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметті ұсыну Өнім берушімен Шарттық қатынастарда тұрған басқа тұлғалардың кінәсінен болса, Тұтынушының алдында Өнім беруші жауапты болады.
  4. Тұрақсыздық айыбын төлеу тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

 

10  тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

 

  1. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсінше орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш жағдайларының салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуiнде келтiрiлген залалдың орнын толтыруғa құқықтары болмайды. Кез келген тараптың талабы бойынша осындай жағдайда өзара міндететмелерді орындауды айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың бiр де бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары болғанға дейiн пайда болған Шарт бойынша мiндеттерiнен босатылмайды (алдын ала қарастыруға немесе алдын алуға мүмкін емес стихиялық жұтау немесе басқа да жағдайлар), және де Шарт талаптарын орындамауға немесе дұрыс емес орындауға әкелетін соғыс әрекеттері, ереуілдер және т.б.

            Еңсерiлмес күш жағдайлары болған жағдайда Тараптар ол пайда болған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының сәйкес уәкілетті органымен дәлелденген еңсерiлмес күш жағдайларының басталу кезін нақтылайтын және сипаттайтын  хабарламамен бір-біріне хабардар етеді, кейін пошта арқылы жазбаша хабарламаны жолдайды.

  1. Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелері еңсерiлмес күш жағдайлары болу кезеңіне тоқтатылуға мүмкін, бірақ Шарт бойынша Тараптарға міндеттерді орындауға кедергі болу деңгейінде ғана.

Егер тараптардың бiрi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған күнінен бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде орындауға жағдайы болмаса, екiншi тарапты алдын ала жазбаша хабардар ету шартымен, екiншi тараптың Шартты бұзуға құқығы бар. Соның өзінде Тараптар күнтiзбелiк отыз күн iшiнде Шарт бойынша барлық есеп айырысуларды жасауға міндеттенеді

 

11 тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

 

  1. Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет көрсету шартын Тараптар жеке тәртіппен жасайды.
  2. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе толық немесе Шарттың ережесіне қатысты әрекет бойынша туындаған қандай да бір даулар мен келіспеушіліктер жағдайында тараптардың кез келгені басқа тарапқа даудың мәнін толық баяндап қарсылығын басқа тарапқа жіберуге құқылы.

Тараптар барлық дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн барлық күш-жігерін жұмсайды.

  1. Келісімге келмеген жағдайда Шарт бойынша келіспеушіліктер сот тәртібімен жауапкердің орналасқан мекенжайы бойынша шешіледі.

            Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа жағдайларында Шартты бұзуға құқылы.

  1. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  2. Осы шарт әр тарап үшін бір-бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде екі ұқсас данада жасалады.
  3. Тараптардың келісімі бойынша Үлгілі шарт және Шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы келмейтін басқа да талаптарымен толықтырылуға мүмкін.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарында тіркеледі және тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

        

12 тарау. Шартты қолдану мерзімі

 

  1. Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы «__» ________ дейiн қолданылады.
  2. Егер тараптардың бірі Шартты қолдану мерзімі аяқталғанша дейін отыз күнтізбелік күн бұрын жылу энергия көлемін нақтылауымен Шартты қолдану мерзімін ұзарту туралы өтініш берсе, Шарт мерзімі ұзартылады. Шартты қолдану мерзімінің ұзартылуы Шартқа қосымша келісімімен рәсімделеді.

Шарт мерзімі аяқталғаннан соң Тараптардың бірінен шартты қолдану мерзімін тоқтату немесе шартты өзгерту туралы өтініші түспеген жағдайда ол осы шартпен қарастырылған талаптарымен дәл сол мерзімге ұзартылды деп есептеледі.

 

13 тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары

 

Өнім беруші

«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС

Петропавл қ., Строительный к., 23

БСН 990140000176 

ЖСК KZ516010251000054991

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БСК HSBKKZKX

 

Тұтынушы