20 желтоқсан күні Петропавл қаласында Н. Погодин атындағы облыстық драма театрында «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» акционерлік қоғамының 50 жылдығы және Энергетиктер күніне орай салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ Президенті Еркін Әмірханов, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма төрағасы Еділ Көпенов және БАҚ пен қоғам өкілдері қатысты.
Солтүстік Қазақстан өңірінде алғашқы электр желілерінің кәсіпорны құрылғанына тура 50 жыл уақыт болды. Ол сонау 1963 жылғы, «Целинэнерго» АБ бұйрығымен жабылып жатқан 1-ЖЭО базасында «Петропавл электр желілері кәсіпорнының» құрылуымен байланысты оқиға болатын. Сондай-ақ, сол уақытта электр желілерінің аудандық бөлімшелері де құрыла бастады. Дәл осы уақыт аймақты электрмен жабдықтаудың бастауы болып, ол іс 90-жылдардың басына дейін созылды.
«Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» АҚ бүгінде – 13 мың шақырымнан астам электр желілерін, кернеуі 0,4-220 кВ болатын 2438 аралық станцияны қамтитын, ал қызмет көрсету аумағы 45 мың шаршы шақырымды алатын ірі мекеме. Кәсіпорын облыстың 399 елді мекенінен құралған 8 ауданын, оның ішінде облыс орталығы – Петропавл қаласын да электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен ұзақмерзімді «Тарифті инвестицияға айырбастау» бастамасына сәйкес, инвестициялық бағдарлама аясында электр желілерін дамытуға 2012-2013 жылдары 1,5 млрд-тан астам қаражат бөлініп, 2014-2016 жылдары 3,3 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, кәсіптегі ерекше жетістіктерімен ұзағалы отырған жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» тобының өзге кәсіпорындары да дараланды.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-на қарасты Петропавл 2-ЖЭО-нда үстіміздегі жылдың 14 желтоқсанында қуаттылығы 63 МВт болатын жаңа турбина пайдалануға беріліп, соның арқасында электр энергиясының қуаты – 410 МВт-қа, жылу қуаты – 96 Гкал-ға артты. Электр энергиясының жыл ішіндегі қосымша өндірісі 388,8 млн. кВт/сағатқа жетіп, отын үнемділігі жылына 63,7 мың тоннаны құрайтын болады. №4 станциялық турбоагрегатты монтаждауға компанияның 2016 жылға дейін арналған қайта жаңғырту және техникамен қайта жарақтандыру инвестициялық бағдарламасының аясында жол ашылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде, жыл аяғына қарай, электр энергиясының өндірісі 2,6 млрд. кВт/сағатқа жетіп, белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициенті 81,45 пайызға артады.
Тұтынушыларға жайлы болу үшін 2013 жылы «Севказэнергосбыт» ЖШС №1 қызмет көрсету орталығын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, ол да 14 желтоқсан күні ашылды. Жаңа, заманауи қызмет көрсету орталығы компания тұтынушыларына қызмет көрсетудің сапасы мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Петропавл жылу желілері» ЖШС құрылғыларын қайта құру және жаңғыртуда да көп жұмыстар атқарылды. ЕҚҚДБ қаржысына 2013 жылы қаланың ең ірі жылу желілерінің бірі – №2 жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, бұл іс 2014 жылы да жалғасатын болады. ЕҚҚДБ бағдарламасы бойынша, 2011-2015 жылдарға 2,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, соның 700 млн. теңгесі үстіміздегі жылы игерілді. Жалпы 2013 жылы Петропавл қаласын жылумен жабдықтау жұмыстарына 1,2 млрд. теңге жұмсалған.
Өңірдің энергетика саласына еңбегі сіңген қызметкерлерді бұл күні зор марапаттар мен сыйлықтар күтіп тұрды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО химиялық цехінің химиялық анализ сараптамашысы Айнагүл Аманова, «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» АҚ аралық станциялар қызметінің электр құрылғыларын жөндеу және изоляциялау электромонтері Зинаида Горбовская, «Петропавл жылу желілері» ЖШС №1 жүйелік ауданының шебері Александр Члек марапатталды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО құрылыс-жөндеу учаскесінің шебері Абылай Әбілмәжінов, «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» АҚ қала бойынша 10-0,4 кВ әуе желілері қызметінің бастығы Самат Құрымбаев, «Петропавл жылу желілері» ЖШС энергиямен жабдықтау қызметінің электрослесарі Владимир Полоцкий марапатталды.
ТМД электроэнергетика кеңесінің Құрмет грамотасы иегерлері болып «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» АҚ бас инженері Виталий Фесько, «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» АҚ қауіпсіздік, еңбекті қорғау және сенімділік қызметінің бастығы, инженер Василий Руденко танылды.
Көпжылдық адал еңбегі үшін «ТМД-ға еңбегі сіңген энергетик» марапатына «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» АҚ ардагерлер кеңесінің төрағасы, Петропавл қаласының құрметті тұрғыны Александр Липовой, «Авариялық қызмет» ЖШС директоры Юрий Бацанов лайық деп танылды. Мерекенің шарықтау шегінде «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» АҚ жетекші инженері Анатолий Загаевскийге «ТМД-ға еңбегі сіңген энергетик» атағы беріліп, құнды сыйлық – көліктің кілті табыс етілді.
Салтанатты шараның ресми бөлігінен кейін энергетиктер мен кеш қонақтарын Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен бишілер тобы сахнадан ән-жырдан шашу шашып, құттықтады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ
Қоғаммен байланыс департаменті
Тел +7(7152) 41-29-39,
vopros_oso@sevkazenergo.kz