ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда ТЭЦ-2-де 2015 жылы жаңа турбина іске қосылмақ, ол станса қуатын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«2015 жылы энергетиктерде жоспар көп, жөндеуден өткен №12 қазандық агрегаты мен жаңа №1 турбина іске қосылады. №1 стансалық құбыр агрегатын ауыстыру жұмыстары 2015 жылы қазанда аяқталуы тиіс. 2015 жылдың соңында стансаның белгіленген қуаты 347 МВт-дан 455 МВт-ға дейін артады», - делінген хабарламада.
Петропавл ТЭЦ-2-де «Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасы қолға алынған бес жылда жабдықтардың тозуы 22 пайызға (89-дан 67 пайызға дейін) төмендеді. 2016 жылға дейін бұл көрсеткішті 59 пайызға дейін қысқарту көзделген.