Инвестициялық бағдарлама

2016 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компанисы энергетикалық кешенін жаңғыртуына бағытталған және 2009 жылдан бастап әрекет еткен ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырды. Оның мақсаты - жабдықтың парк  ресурсын көбейту, бар және орнатылған электр және жылу қуаттылығын жоғарылату, қауіпсіздік техниканы жетілдіру, қоршаған ортаға ластайтын заттар тастандыларын төмедету, ресурс – және энергосақтау болып табылады.

Көрметілген кезеңде бағдарламаның негізгі инвестициялық көздері - "Тарифті инвестицияға айырбастау" үкімет бағдарламасы, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) қарызы және Компанияның өз қаражаты.

Қайта жаңарту және жетілдіру бағдарламасының шараларын толық көлемде жүзеге асырылуы тұтынушыларды электр және жылу қуаттылығымен қамту сенімділігін және сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.  Станцияның 2017 жылғы 1 қаңтарға белгіленген қуаттылығы 161 МВт-қа өсті, бұл 380МВТ-тан 541 МВт-қа дейін. Инветициялық бағдарламаның аясында келесі жабдық жаңартылды: № 6, №7 және №12 үш қазанагрегат  қайта құрылды, сондай-ақ, №8 жаңа қазанагрегат және №1, №4, №5 турбоагрегат салынды. Осы жабдық пайдалануғаенгізілді және сәтті жұмыс істеп жатыр.

Инвестициялық бағдарламаның соңғы ірі жобалары – толық ауыстырылғаннан кейін № 5 турбоагрегатты  және қайта құрудан кейін №12 қазанагрегатты пайдалануға қосу. Қуаты 95 МВт құрайтын жаңа турбоагрегат жаланы 650 млн кВтч өндіріп шығаруға мүмкіндік береді, ал қуаттылығы 270 тонна бу сағатына қайта құрылған қазанагрегат 2016 жылға қарағанда 5,7 млн кВтч артық қосымша өндіріп шығаруға мүмкіндік береді. Бұл ретте турбиналардың тиімді әрекетінің жалпы коэфициенті 39,7%, қазандардың – 90,8% құрайды. 2-ЖЭО жаңғырту бойынша өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде станция жабдығының тозуы 2009 жылы 89,24%-дан 2016 жылы 59,74%-ға болды.

 

2017 жылы Кәсіпорынның даму жоспары

«2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін  кезеңде ұзақ мерзімге «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жылу энергияны өндіріп шығару бойынша қызмет түріне тарифтің және тарифтік сметаның шекті деңгейін  бекіту  туарлы» 2015 жылғы 24 қарашадан 152-НҚ бұйрық қолданысқа енгізілді.

2017 жылы кәсіпорын негізгі құралдарды жөндеу, жаңғырту және қайта құруға 4 млрд теңге жіберуге жоспарлап отыр. 2017 жылы негізгі іс-шаралар болады:

  • ОРУ — 110кВ жаңғырту;
  • ТП АБЖ орната отырып, №2турбоагрегатты жаңғырту;
  • түсіру құрылғыларды қайта құру;
  • қазандық цехтың шатырын және турбина бөлімшенің қаңқасын қайта жөндеу;
  • жылу қуатын беру сұлбасын қайта жаңарту.

Сонымен қатар, 2017 жылы Компания 1,5 млрд. теңге сомасына Петропавл 2-ЖЭО негізгі және қосалқы құралдың жөндеуі жоспарланған:

  • № № 4, 5, 10 үш қазан агрегаттарын күрделі жөндеу;
  • №4 турбоагрегатты күрделі жөндеу;
  • №1 түтін мұржаны күрделі жөндеу.

Жөндеу, қайта жаңарту және негізгі құралдарды жаңғырту бойынша 2017 жылға жоспарланған іс-шараларды орындау электр және жылу энергиясын өндіру көлемінің артуына, апаттылық тәуекелдерін төмендетуіне  және тоқтап қалу ұлғайтуға ықпал етеді, жабдықтар сенімділігін  ұлғайтуға,  қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды қысқартуға мүмкіндік береді, техникалық өндіріс деңгейін арттырады. 

 

«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату  Компаниясы» АҚ жобалары

2016 жылы кәсіпорын  негізгі және көмекші жабдықтардың жөндеуі және қайта құру бойынша өзіне алынған барлық міндеттерді орындады. Қосалқы, әуе және кабель желілердің жөндеуі өткізілді. Инвестициялық бағдарламаны орындау шеңберінде «СҚЭТК» АҚ негізгі активтерді жаңарту бойынша жұмыс жалғастырды. 15 км. кабель желілері КЛ 10-0,4 кВ ауыстырылды, 14 трансформаторлық қосалқы стансалардың ТП 10/0,4 кВ жөндеуі жасалды, 46 км. әуе желілер ВЛ 10-0,4 кВ Петропавл қ. және Қызылжар ауданында «жалаңаш» сымның ӨТС (өзіндік тарататын сым) маркалы сымға өзгертілді, жабық тарату құрылғы ЗРУ-10 кВ қосалқы станса ПС 110/10 кВ №8 блокты модульды ғимаратта ауыстырылды. Компания қуаттылық жабдықтарды арттыруға көңіл бөледі. «Қиялы» ПС 220/110/35/10 кВ қосалқы стансада аккумуляторлық батареяны ауыстыруы жүргізілді, үш күшті трансформатордың жөндеуі өткізілді 110 кВ жоғары вольтқа өзгертумен, 6 транформатор 10/0,4 кВ сатып алынды.

Сонымен қатар, компания ЭКЕАЖ (Электр энергияны коммерциялық есепке алу автоматтандырылған жүйесін) енгізуді жалғастырып жатыр. Бұл тұрмыстық тұтынушылардың есептегіш құралдарының көрсеткіштерін тіркеуге және интернет арқылы операторға жолдап, кейін абоненттерге шоттарды қоюға мүмкіндік береді.

2016 жылы инвестициялық бағдарлама бойынша ЭКЕАЖ жүйесі 102 жоғарғы деңгейдің есептеу нүктесінде және 932 электр қуаттың бөлшектеу нарығында есептеу нүктесінде қойылды, ЕРДБ несие шеңберінде қосымша 2 696 есептеу нүктесінде. Барлығы бағдарлама басталғаннан күнінен бастап 2009 жылы жүйе 393 жоғарғы деңгейдің есептеу нүктесінде және 24 210 электр қуаттың бөлшектеу нарығында есептеу нүктесінде қойылды.

«СҚЭТК» АҚ жоспарында 2017 жылы инвестициялық бағдарламаны орындау аясында 15 км. кабель желілері КЛ 10-0,4 кВ, 90 км. әуе желілерін ВЛ 10-0,4 кВ, 18 қосалқы станса ТП, РП, КТП және 6 қосалқы станса ПС 110/35/10 кВ 1,2 млрд. теңге сомасы қайта жөндеуді өткізу. Сонымен қатар кәсіпорын 215 млн. теңге сомасына 1 мың.км. электр тасымалдау желілердің және 123 қосалқы стансаның ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарланды.

 

«ПЖЖ» ЖШС жобалары

2016 жылы Еуропалық Қайта Жаңарту және Дамыту Банкі (ЕҚЖДБ), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және «Ортаазиялық Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) арасындағы «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының аясындағы үшжақты келісімшартқа қол қойылған Петропавл жылумен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша жобаларды жүзеге асыру. Осы бағдарлама бойынша  2016 - 2020 аралығында Петропавл жылумен қамтамасыз ету жүйесін дамуына 12,01 млрд теңге жөнелтілетін болады.

«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС –нде осы қаражатты жұмсау басталды: кәсіпорын Гашек к. бойынша қашықтығы 1,6 шақырым №5 жылумагистралінің құбыр желісін қайта жаңартқан, сондай ақ,   Егемен Қазақстан к. бойынша қашықтығы 972 метр №2 жылумагистралінің құбыр желісін құрылысы орындалған. Одан басқа, тариф қаражатына жылуэнергетиктер Хименко к. бойынша №5 жылумагистралінің 1,05 шақырымын қайта жаңартқан, №26 жылумагистралінің  құбыр желісінің қашықтығы 650 метр учаскесінде және №1 жылумагистралінің учаскесінде қашықтығы 60 метр құбыр оқшаулауды қалпына келтіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасаған.  2016 жылы жылумен қамтамасыз ету нысаналарын жетілдіру мен қайта жаңарту инвестициялық  бағдарламалары бойынша барлығы 1 млрд 869 млн теңге бөлінген.

2016–2017 жж. жылыту маусым аяқталғасын Петропавл қ. жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Кәсіпорынмен жылу желілерінің жалпы қашықтығы 9,8 шқ құбыр желісін құру, қайта жаңарту мен оқшаулауды қалпына келтіру инвестициялық  бағдарлама аясындағы 4,4 млрд теңге сомасына шаралар жасалуы жоспарланған. 2017 жылы  жылу желілерінің 12,6 шқ  іргелі жөндеуіне арналған жоспарланатын қаражат көлемі 407,2 млн теңге құрайтын болады.